Ағымдағы жылдың 16 наурызы Ақмола облысының прокуратурасында облыс прокуроры А.С. Майлыбаевтың төрағалығымен азаптауға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ведомствоаралық кеңес өтті.
Кеңеске облыстың ҰҚКД бастығы Т.Т. Жұмағалиев, облыс ПД бастығы Д.Ә. Таев, облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің бастығы А.Т. Рахимов, облыстың ЭТД басшысы Н.Р. Төлеутай, адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ақмола облысы бойынша өкілі Д.Қ. Таженова, сондай-ақ пенитенциарлық жүйенің және облыстың басқа да құқық қорғау, арнаулы органдарының басшылары қатысты.
Мемлекет Басшысының тапсырмасы бойынша ағымдағы жылдың басынан бастап құқық қорғау органдары қызметкерлерінің азаматтарға қатысты азаптауларды және тергеудің басқа да рұқсат етілмеген әдістерін қолдану фактілерін тергеуді тек прокуратура органдары жүргізетін болады.
Облыс прокуроры А.С. Майлыбаев азаптаудың орта ғасырлардағы тәсіл екенін және қазіргі дамыған қоғамда мұндай құбылыстарға жол берілмейтінін атап өтті, сондай–ақ прокуратураның осы санаттағы қылмыстарды тергеудегі аса принципті ұстанымы туралы ескертті.
Пенитенциарлық мекемелерде және полиция бөлімдерінде азаптауды қолданудың ықтимал фактілерін болдырмау мақсатында «соқыр» жерлерді бейнебақылау камераларымен жабдықтау бойынша шаралар қабылдануда.
Кеңес қорытындысы бойынша азаптаудың алдын алу бағытында нақты жоспарлы іс-шаралар мен мерзімдер бойынша бекітуге қол қойылды.
Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.