Пятница, 20 сентября, 2024
ЖаңалықтарЖемқорлықАқмола облысының Степногорск қаласының тұрғындарына құқықтық көмек көрсетілді

Ақмола облысының Степногорск қаласының тұрғындарына құқықтық көмек көрсетілді

Ағымдағы жылдың 19 қыркүйегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ Степногорск қаласының тұрғындарына көшпелі консультативтік-құқықтық көмек ұйымдастырды.

Аталған акцияны Ақмола облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті дайындады.

Консультанттар ретінде жергілікті атқарушы органдардың, «Атамекен» ҰКП және «АMANAT» партиясы филиалдарының өкілдері, адвокат, нотариус және жеке сот орындаушысы тартылды.

Кездесу барысында тұрғындардан жер учаскелеріне берілген құқықтарына ауыртпалық салу және қалпына келтіру, салық салу, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, сондай-ақ жеке меншік балабақшалар мен МӘМС жүйесіндегі медициналық ұйымдардың қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілердегі өзгерістер туралы сұрақтар келіп түсті.

Барлық қойылған сұрақтар бойынша құқықтық көмек көрсетіліп, қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Аталған мәселелерді шешу Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің бақылауына алынды.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Антикор Ақмола құрылысы ұзаққа созылған объекттерді бақылауды жалғастыруда

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті құрылысы сыни тұрғыдан кешіктірілген әлеуметтік маңызы бар объектілерді сүйемелдеуге мониторинг жүргізілуде. Облыс әкімдігімен бірлесе отырып, құрылыс-монтаждау...

МҚІА Департаменті қызмет алушының құқықтарын қорғады

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментіне «Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру» қызметін көрсету кезінде лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеттері...

Қашықтықтан бақылау нәтижесінде 363 қызмет алушының құқықтары сақталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті «Е-лицензиялау» жүйесінде қашықтықтан жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша 363 қызмет алушылардың құқықтарының сақталуын қамтамасыз етті. Осылайша, бұған...

Ақмола облысында 119 мемлекеттік қызметші үстеме жұмысқа тартылған

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік органдар басшыларының орынбасарлары, аппарат басшылары және әдеп жөніндегі уәкілдер үшін семинар ұйымдастырып, онда 2024...

Ақмола облысында өңірлік кадр резерві жасақталды

Ақмола облысы кадр комиссиясының шешімімен өңірлік кадр резервіне 25 адам іріктелді. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет...