Қосшы қаласының полиция бөліміне 5 жәбірленуші алаяқтық фактісі туралы өтініш білдірген. Өтініш берушілердің айғақтарына сәйкес, ағымдағы жылдың 1 шілдесінде белгісіз адам қаланың супермаркеттері мен дүкендерінен сауда жасап, тауарлар үшін ақша аудару туралы жалған чектер көрсеткен.
Кейінірек, 5 шілдеде қаскүнем сауда нүктелерінің біріне қайта барған сәтте, дүкеннің жұмысшылары оны танып, олар өз кезегінде дүкен иесіне хабарлады. Полиция қызметкерлерімен байланысып, кәсіпкер күдіктіні полиция келгенге дейін ұстауға тырысты.
Алдын ала тергеу барысында Астана қаласының 33 жастағы тұрғыны алаяқтық жасау үшін танымал қосымша ботының көмегімен аударым туралы жалған чектер жасағаны анықталды.
Полиция бөлімі барлық фактілерге қатысты ҚР ҚК 190-бабы «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастад