Ағымдағы жылдың 4 қаңтарында Көкшетау қ. ПБ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері рейдтік іс-шаралар өткізу барысында Жанділдин көшесінде Көкшетау қ. 34 жастағы тұрғынының басқаруындағы «Тойота Марк 2» маркалы автокөлікті тоқтатты.
Рұқсат етілмеген тінту барысында автокөліктің салонынан ерекше иісі бар өсімдік тектес затты бума табылып, тәркіленді. Сараптама тағайындалды.
Осы дерек бойынша ҚР ҚК 296-бабы 2-бөлігі «өткізу мақсатынсыз есірткі заттарымен, психотроптық заттармен, олардың аналогтарымен заңсыз жұмыс істеу» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.