Күдіктінің өзі ауыр қылмыс жасағаны туралы құқық қорғау органдарына мойындады: ер адам стационарлық полиция бекетіне кінәсін мойындап келді. Оқиға 8 ақпанда сағат 18.00 шамасында Көкшетау қаласындағы жатақханалардың бірінде болған. Екі адамды өлтіру фактісі бойынша полицейлер ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігі (кісі өлтіру) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады.
Материалдарды алғашқы жинау барысында күдікті мен оның екі танысы, 1936 жылы туған ер адам мен 55 жастағы әйелдің ішімдік ішкендері анықталды. Отырыс барысында ерлер арасында жанжал туындап, нәтижесінде күдікті егде жастағы ер адамға, содан кейін әйелге бірнеше рет пышақ салған. Кейін, қылмыс құралынан құтылып, күдіктінің өзі «102» арнайы желісіне қоңырау шалып, жақын маңдағы постқа келді.
Сотқа дейінгі тергеу аясында полицейлер күдіктінің осыған ұқсас қылмысы үшін бұрын сотталғанын анықтады: 2008 жылы кісі өлтіргені үшін ол 8 жылға бас бостандығынан айырылған, ал босатылғаннан кейін Ақмола облысы мен Көкшетау қаласының аумағында тұрды.
Тергеу кезеңінде жәбірленуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.