Среда, 22 января, 2025
ЖаңалықтарЖемқорлықАқмолада Мемлекеттік бюджетті атқару кезінде жемқорлық тәуекелдері бойынша бухгалтерлерге арналған семинар өткізілді

Ақмолада Мемлекеттік бюджетті атқару кезінде жемқорлық тәуекелдері бойынша бухгалтерлерге арналған семинар өткізілді

Сондай-ақ, оқыңыз...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаментімен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, білім беру және спорт саласындағы ұйымдардың бухгалтерлері үшін мемлекеттік бюджетті атқару кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша семинар өтті.

Департамент басшысының бірінші орынбасары Сағыныш Аяғанова білім және спорт саласындағы сыртқы талдаулардың нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін атап өтті.

Спикер кездесуге қатысушылардың назарын еңбекақы төлеу қорымен байланысты бюджет қаражатын игеру кезінде және мемлекеттік сатып алу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне аударды.

Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаментінің басшысы Александр Щербак жергілікті бюджеттерді қазынашылық сүйемелдеу рәсімін түсіндірді.

Ақмола облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары Гүлшат Жапарова орындалмаған жұмыс көлемі үшін бюджет қаражатын жеткізушілерге негізсіз аударуға, бухгалтерлік есеп жүргізуге және төлемдерге байланысты бюджеттік бағдарламалар әкімшілері тарапынан жіберілген бұзушылықтарын айтып берді.

Ақмола облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары Гүлшат Жапарова өнім берушілерге атқарылмаған жұмыс көлемі үшін бюджет қаражатын негізсіз аударуға, бухгалтерлік есеп жүргізуге және төлемдерге байланысты бюджеттік бағдарлама әкімшілері жол берген бұзушылықтар туралы айтты.

Ағымдағы жылдың 9 айында аудиторлық тексеріс арқылы облыстың 7,8 млрд теңге сомасына мемлекеттік бюджетін атқару кезінде бұзушылықтар анықталды. Оның 6,8 млрд теңгесі — рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар. Бұдан басқа, облыста 1,6 млрд теңгеге мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзушылықтар анықталды.

Ақмола облысы бойынша Антикордың превенция басқармасы басшысының орынбасары Абай Жаналинов сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау үшін қабылданып жатқан алдын алу шаралары туралы хабардар етті.

Семинар қаржы рәсімдерін түсіндіру және мемлекеттік бюджетті атқару кезінде осындай бұзушылықтарды болдырмау мақсатында өткізілді.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында жергілікті жолдарды жөндеу мәселелері талқыланды

Ақмола облысында ауыл әкімдері мен бейінді бөлімдердің мамандары үшін жолдарды жөндеу мәселелері бойынша оқыту семинары өткізілді. «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК өңірлік филиалының...

Алаяқтарды астамсытып қойған кім?

Егер ішкі істер органдарының деректеріне көз салсаңыз, елімізде жыл санап қылмыс көлемі артып барады. Қылмыстың қай түрі болмасын қарапайым пенделер үшін залалды, өйткені сол...

Жайлылық пен сапа: Ақмола облысында заманауи жатақханалар ашылуда

Жыл басында  өңірде студенттер үшін жаңа заманауи жатақханалар пайдалануға беріледі. Бұл  оларды жайлы баспанамен қамтамасыз етудегі маңызды қадам  болмақ. Жаңа жатақхана студенттердің тұрғын үй...

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында 15 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2024 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша...

Ақмола облысында мемлекеттік қызметтегі басшы әйелдердің үлесі 43,4% құрайды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2024 жылғы қызметін қорытындылады. Бұл туралы Департамент басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен...