Қараша айының басында Алматыда ұлттық баскетбол федерациясының қолдауымен Halyk Bank-тың «Халық лигасы» жобасы ұйымдастырылды.
Сол күндері Қазақстан Республикасының баскетболдан «Үміт кубогы» чемпионатының ресми ашылуында балалар үйлері мен мектеп-интернаттардың тәрбиеленушілері құрылған командалар жиналды. Ашылу салтанатында ҚР ҰБФ вице-президенті Марат Шәкіров пен «Қазақстан Халық банкі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ольга Ворус қатысушылардың алдында сөз сөйлеп игі тілектерін білдірді.
Турнирде Қазақстанның 15 өңірінен интернаттық ұйымдар тәрбиеленушілерінің 15 ер және 5 қыздар командалары бақ сынасты.
Чемпионатта Ақмола облысының намысын Ақкөл қаласының балаларды қолдау орталығының 20 қыз бен ұлдан тұратын командасы қорғады.
«Біздің балаларымыз баскетболмен биыл ғана айналыса бастады, бірақ олардың көпшілігі айтарлықтай жетістіктерге жетті», — дейді орталық басшысының оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Анна Досмұхамбетова.
Чемпионаттың барлық күндері ұл-қыздарымыз қатты толқыды. Финалда ерлер арасында Шымкент пен Ақкөл командалары кездесті. Залдағы атмосфера үлкен баскетбол матчына ұқсады: трибуналар лық толы, жанкүйерлер өздерінің фавориттерінің есімдерін атап шулады. Ойын қарқынды әрі шиеленісті өтті. Екі команда да ойынның жоғары деңгейін көрсетті. Жыл бойғы қажырлы жаттығулар, ойын соңында ойнау, жеңіс үшін жеңіс — осының бәрі керемет нәтиже берді — Республика Чемпионатында екі екінші орын!
Естеріңізге сала кетейік, Ақкөл қаласының балаларды қолдау орталығы Ақмола облысында 90-нан астам жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тәрбиелейтін жалғыз орталық болып табылады. Сондай-ақ орталықта өмірлік қиын жағдайға тап болған балалар да тәрбиеленуде.
Орталықта балалардың қосымша білім алуына ерекше көңіл бөлінеді, 12-ге жуық спорт секциялары мен үйірмелер жұмыс істейді. Балалар қала, аудан, облыс және республика іс-шараларына белсенді қатысады, хореография және халық аспаптары саласында көптеген марапаттарға ие. Ал әйгілі «Смайл» би ұжымы мен «Мрия» қасық ұжымы «Үлгілі» атағына ие.