«Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу шарасы барысында ақмолалық полицейлер іздеуде жүрген үш қылмыскерді анықтады.
Ақмола облысында басталған «Құқықтық тәртіп» операциясы барысында екі күн ішінде полицейлер бұрын жасалған 13 қылмысты ашты. Ұзақ уақыт іздеуде болған 3 қылмыскер ұсталды.
Мысалы, ағымдағы жылғы 27 қазанда «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу шарасы аясында СҚО Айыртау ауданы Заря кентінің аумағында полиция қызметкерлері Бурабай ауданының сотынан қасақана ауыр зиян келтіргені үшін жасырынған 32 жастағы қылмыскерді ұстады.
Полиция қызметкерлері тағы бір қылмыскерді Нұр-Сұлтан қаласының көшелерінің бірінде ұстады. Бұл — ағымдағы жылдың ақпан айында ҚК 106-бабы бойынша сот үкімімен 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілген Шортанды кентінің 32 жастағы тұрғыны.
Сонымен қатар, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Нұр-Сұлтан қаласындағы КПБ қызметкерлері 35 жастағы ер адамды ұстады, ол Аршалы ауданының сотымен ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыс жасағаны үшін іздеуге жарияланды.
Үшеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды.