Понедельник, 30 декабря, 2024
ЖаңалықтарМаңыздыАнасын қорлаған ақмолалық 5 тәулікке қамалды

Анасын қорлаған ақмолалық 5 тәулікке қамалды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысы Сандықтау ауданының 40 жастағы тұрғыны Василий Петров араққа сылқия тойып алып, анасымен жанжалдасқан, анасына балағат сөз айтып, күш көрсетемін деп қорқытқан.

«Сотта Петров кінәсін мойындап, жасалған әрекеті үшін өкінді. Сот қаулысымен Петров Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-бабының 1-бөлігімен көзделген (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) әкімшілік құқық бұзушылықты, яғни анасына балағат сөздер айтып, қорлау арқылы тыныштығын бұзатын және анасына құрметтемеушілік білдіретін әрекеттер жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Петровқа 5 тәулік мерзімге қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды», — дейді ведомстводан.

Сонымен бірге, сот оның басқа құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында, мінез-құлқына ерекше талаптарды белгілеу туралы Сандықтау ауданы полиция бөлімі бастығының өтінішхатын қанағаттандырды.

Атап айтқанда, жәбірленушінің (Петровтың анасының) қалауысыз, іздеуге, соңына түсуге, оған баруға, ауызша, жазбаша келіссөздер жүргізуге, байланысуға, алкогольдік ішімдіктерді, есірткі құралдарын немесе психотроптық заттарды қолдануға тыйым салуды көздейтін Петровтың мінез-құлқына 3 ай мерзімге ерекше талаптар белгіленді. Петровқа профилактикалық әңгімелесуді жүргізу үшін айына 2 рет полиция органдарына келу міндеті жүктелді.

       Ақмола облыстық сотының  баспасөз қызметі.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Жергілікті жолдардың және көше-жол желісінің сапасы талқыланды

«Жол активтерінің Ұлттық сапа Орталығы» РМК Акмола облысы бойынша филиалының директоры Талғат Қайратхан мен автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Владимир Кулаков жергілікті...

МҚІА департаментінің ұсынысы негізінде 178 фермерге 418 миллион теңге субсидия тағайындалды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті «Саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге, карантинді объектілерге қарсы...

Мемлекеттік қызметшілер қайырымдылық іспен айналысуда

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен өткізілетін волонтерлік жұмыс аясында және мемлекеттік қызметшінің кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдіруге бағытталған қадамдық жоспарды орындау...

Өңірдің мемлекеттік қызметшілері донорлық қан қорын толықтырды

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен өткізілетін волонтерлік жұмыс аясында және мемлекеттік қызметшінің кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдіруге бағытталған қадамдық жоспарды орындау...

Саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына ақшалай өтемақы төлеу мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Агенттіктің тапсырмасы негізінде тұрақты негізде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жетілдіру бағытында талдау жүргізеді. Ағымдағы жылдың наурыз айында...