spot_img
spot_img
14 C
Kokshetau
ЖаңалықтарМаңыздыАнасын қорлаған ақмолалық 5 тәулікке қамалды

Анасын қорлаған ақмолалық 5 тәулікке қамалды

-Жарнама -spot_img

Ақмола облысы Сандықтау ауданының 40 жастағы тұрғыны Василий Петров араққа сылқия тойып алып, анасымен жанжалдасқан, анасына балағат сөз айтып, күш көрсетемін деп қорқытқан.

«Сотта Петров кінәсін мойындап, жасалған әрекеті үшін өкінді. Сот қаулысымен Петров Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-бабының 1-бөлігімен көзделген (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) әкімшілік құқық бұзушылықты, яғни анасына балағат сөздер айтып, қорлау арқылы тыныштығын бұзатын және анасына құрметтемеушілік білдіретін әрекеттер жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Петровқа 5 тәулік мерзімге қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды», – дейді ведомстводан.

Сонымен бірге, сот оның басқа құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында, мінез-құлқына ерекше талаптарды белгілеу туралы Сандықтау ауданы полиция бөлімі бастығының өтінішхатын қанағаттандырды.

Атап айтқанда, жәбірленушінің (Петровтың анасының) қалауысыз, іздеуге, соңына түсуге, оған баруға, ауызша, жазбаша келіссөздер жүргізуге, байланысуға, алкогольдік ішімдіктерді, есірткі құралдарын немесе психотроптық заттарды қолдануға тыйым салуды көздейтін Петровтың мінез-құлқына 3 ай мерзімге ерекше талаптар белгіленді. Петровқа профилактикалық әңгімелесуді жүргізу үшін айына 2 рет полиция органдарына келу міндеті жүктелді.

       Ақмола облыстық сотының  баспасөз қызметі.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Байланысты бол
16,985ФанаттарМаған ұнайды
2,458ОқырмандарОқу
61,453ЖазылушыларЖазылу
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img