Вторник, 3 декабря, 2024
ЖаңалықтарЖемқорлықАнтикор Ақмола 9 айдың қорытындысы бойынша брифинг өткізді

Антикор Ақмола 9 айдың қорытындысы бойынша брифинг өткізді

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ағымдағы жылдың 15 қазанында Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Ақмола облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) департаментінің басшысы Асхат Оразханның қатысуымен брифинг өтті.

Брифингтің басты тақырыбы Ақмола өңірінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасын іске асыру болды.

Бүгінгі күні Өңірдің тәуекелдер картасына агроөнеркәсіптік кешен, спорт, бизнес, жолдар, әлеуметтік сала, мемлекеттік сатып алу, сондай-ақ проблемалық құрылыс объектілері мәселелері кірді.

9 айда сыбайлас жемқорлық көріністеріне неғұрлым бейім әлеуметтік маңызы бар салаларда сыбайлас жемқорлық көріністерін жасау себептері мен жағдайларын жою мақсатында 4 сыртқы талдау және 3 сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді.

Мысалы, ауыл шаруашылығын субсидиялау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері бойынша «Gosagro.kz» ақпараттық жүйесінің жетілмегендігі анықталды, ол субсидияларды негізсіз төлеуге, оның ішінде кезектен тыс және тиісті сомадан тыс төлеуге ықпал етеді. Осылайша, Ауыл шаруашылығы министрлігі аталған жүйені жетілдіру барысында Департаменттің ұсынымдарын ескерді.

Спорт саласындағы талдау қорытындылары бойынша ұсынымдарды орындау шеңберінде «Оқжетпес» футбол клубында ойыншылардың негізгі құрамы үшін 2 млн теңгеден аспайтын және әкімшілік персонал үшін 1 млн теңгеден аспайтын жалақы бойынша лимит тоқтатылды.

Қазынашылық есептерді білім беру саласындағы еңбек ақы төлеу қорының бухгалтерлік есеп жүйелерімен салыстыру нәтижелері бойынша жалпы сомасы 6,8 млн теңгеге 25 тәуекелдік операция анықталды. Қабылданған шаралар нәтижесінде аталған соманы бюджетке қайтару қамтамасыз етіліп, жауапты тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалануды болдырмау мақсатында Департамент бағаны көтеру тұрғысынан мемлекеттік сатып алу мониторингін тұрақты негізде жүргізеді.

Мысалы, Бурабай ауданының ТКШ және тұрғын үй инспекциясы бөлімі су сорғысын 7,2 млн теңгеге сатып алуды жоспарлаған, ал осыған ұқсас сипаттамалары бар бір сорғының орташа нарықтық құны 1 млн теңгені құрайды. Біздің араласуымыздан кейін ұйым сатып алудан бас тартты.

Сатып алынатын тауарлардың бағасын төмендетуге бағытталған Департаменттің ұсынымдары бойынша жыл басынан бері мемлекеттік сатып алуды жоспарлау сатысында шамамен 1,1 млрд теңге үнемделді.

Ақмола облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілері де өз қызметін жалғастыруда, 373 азаматқа заң көмегі көрсетілді және мемлекеттік сатып алу порталының мониторингі шеңберінде 619 млн теңге үнемделді.

Қорытындылай келе, Асхат Оразхан сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау шеңберінде, азаматтардан сыбайлас жемқорлық тәуекелдері және ТКШ саласы мен өңірдің инфрақұрылымын жетілдіру бойынша ұсыныстар туралы Департаментке хабарлауды сұрады.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Евгений Кочетов Ақмола облысының креативті индустрия өкілдерімен кездесті

29 қараша күні Көкшетау қаласында «Көкшетау» мәдениет сарайында ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Дмитриевич Кочетовтың Ақмола облысының креативті индустрия өкілдерімен кездесуі өтті. Қазақстан Республикасы...

Мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту шеңберінде жер қатынастары саласындағы бірқатар «жасырын» қызметтер регламенттелді

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті жер қатынастары саласындағы мемлекеттік органдардың функцияларын талдау қорытындысы бойынша «жасырын» қызметтерді регламенттеу жөнінде ұсыныс енгізді. Мәселен, бұған...

Ақмола облысында «Саналы ұрпақ» студенттік клубтарының слеті өтті

Ағымдағы жылдың 26 қарашасында Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжінің базасында «Саналы ұрпақ» студенттік клубтарының облыстық слеті өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің...

Алмас Алин Қорғалжын ауданының әкімі болып тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің 2024 жылғы 25 қарашадағы өкімімен, сондай-ақ, ҚР Президенті Әкімшілігінің және мәслихат депутаттарының келісімімен Алмас Аянұлы Алин Қорғалжын ауданының әкімі болып тағайындалды. Ауданның...

Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Мағжан Қайратұлы Ержан Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы болып тағайындалды. Мағжан Қайратұлы Еуразия технологиялық университетін, Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар...