Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Асхат Оразхан облыстың полиция департаментінің жеке құрамымен кездесті.
Кеңес барысында ішкі істер органдары қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау фактілері бойынша қылмыстық істер, сондай-ақ ҚПК-нің 200-бабы тәртібінде әрбір факт бойынша енгізілген олардың жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы ұсынымдардың орындалуы қаралды.
Департамент басшысы жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуді және құқықтық тәртіп органдарына жоғары деңгейдегі сенімді қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.
Кездесу аясында жемқорлыққа қарсы новеллалар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шараларды түсіндірді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын алу шараларын тиімді пайдалану бойынша бірқатар ұсынымдар енгізді.
Кездесу соңында қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы бейнероликтер көрсетілді.