Воскресенье, 22 декабря, 2024
ЖаңалықтарҚазақстанАрхеологтар Сарайшықтан Қасым ханның жерленген жерін тапқанына сенімді

Археологтар Сарайшықтан Қасым ханның жерленген жерін тапқанына сенімді

Сондай-ақ, оқыңыз...

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда археологтар Қасым ханның жерленген жерін тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бір кездері Алтын Орда, Ноғай Ордасы, содан кейін Қазақ хандығының астанасы болған Сарайшық қалашығынан бірегей қабір табылды. Тарихи деректерге сүйенген археологтар бұл қабірде қазақтың көрнекті мемлекет қайраткері Қасым ханның жерленген жері болуы мүмкін деп болжап отыр.

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов археологтардың тапқан жәдігері — Қазақ хандығының негізін салушылардың бірі Қасым ханның қабірін көру үшін тарихи орынға барды.

Тарихшылардың айтуынша, Жәңгір хан Бөкейханұлы мұнда 1840 жылдары келіп, сол кезде «хан бейіті» деген жерге белгі қойған. Бірақ, кейіннен бұл белгі жоғалып кеткен. Ал өткен жылы атыраулық ғалымдар Ресей мұрағаттарынан Сарайшықтың ескі сызбаларын тапты. Сол сызбада хан қабірі айқын көрінеді.

Орыс зерттеушісі Алексей Алексеев 1861 жылы өзінің ғылыми еңбегінде хан қабірінің орналасқан жерін нақты көрсетіп, оны «қасиетті крипт» деп атады. Ол «хан қабірін» үш жағынан терезелері, күмбезі және шығыс жағындағы есігі бар кесене деп сипаттады. Археологтардың пікірінше, бұл мәліметтер қазір табылған қабірдің құрылымымен сәйкес келеді.

Ұлы Жібек жолындағы ортағасырлық өркениетті қалалардың бірі Сарайшықтың өркендеу дәуірі Қасым ханның есімімен тікелей байланысты екені белгілі. Мұнда жеті хан жерленген. Солардың бірі – Қасым хан.

«Соңғы жылдардағы тарихи деректер Қасым ханның Сарайшықта жерленгенін толық растайды. Ханның жерленген жерін іздеуге қатысты біздің зертеуіміз жемісті болды. А.Алексеевтің жазбаларындағы ақпарат 99%-ға расталды», — дейді тарих ғылымдарының докторы, профессор Әбілсейіт Мұхтар.

Археологтар қабірдің шығысында орналасқан 8 метрлік зираттың іргетасын тапты. Іргетасты солтүстікке қарай тағы 8 метр тазарту үшін роботтар келе жатыр. Бірақ қаңқаның тұтастығына зиян келтірместен билеушінің қалдықтарын алу үшін, кейінірек хан қабірінің үстінде пайда болған зиратты қайта жерлеу керек. Кейінгі жерлеу орындарын ауыстыруға рұқсат жергілікті имамнан және осында жерленген адамдардың туыстарынан алынды.

Тарихшы Әбілсейіт Мұхтар тарихи аумақты тазарту жөніндегі негізгі жұмыстар келесі жылы басталатынын хабарлады. Зерттеуге белгілі антропологтар, археологтар және этнограф ғалымдар тартылады деп күтілуде. Археологиялық қазбалар мен зерттеулер өткен ғасырдың 90-жылдарынан бері үш шаршы шақырым жердегі ежелгі қорымдарда жүргізілуде.

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Алтын Орданың 750 жылдығын атап өту кезінде Қасым ханның жерленген жері табылуы мүмкін деген жаңалықты маңызды оқиға деп есептейді. Қасым хан – қазақ тарихындағы ұлы билеушілердің бірі. Ол Қазақ хандығын экономикалық, әскери-саяси тұрғыдағы ең мықты мемлекеттердің біріне айналдырды. Бейбітшілік пен келісімде өмір сүрген халық саны бірнеше есе өсті. Мемлекеттің шекарасы кеңейтілді.

«Біздің археологтар еліміздің тарихында және халықтың санасында жарқын тұлға болып қалған көрнекті мемлекет қайраткері Қасым ханның жерленген жері табылғанына сенімді. Егер кейін жүргізілетін зерттеулер мен сараптама ғалымдардың болжамын растаса, бұл ел тарихындағы үлкен жаңалық болады деп ойлаймын. Ақпаратты алған алғашқы күннен бастап мен белгілі ғалым-тарихшы, археологиялық қазба жетекшісі Әбелсейіт Мұхтармен кездестім. Тәуелсіздік алған сәттен бері Елбасының қолдауымен және ҚР Президентінің тапсырмасымен қазақ халқының рухани мұрасы мен тарихи құндылықтарын толықтыру бағытында ауқымды жұмыс жүргізілуде. Бұл елдің ұлттық бірлігін нығайту ісіне оң әсер етеді», — дейді облыс Махамбет Досмұхамбетов.

Әкімнің айтуынша, өңірде археологиялық қазба жұмыстарын одан әрі жандандыруға қолдау көрсетіледі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атыраудағы Миялы қорғанынна 560 жәдігер табылған еді.

Дереккөз: https://lenta.inform.kz/kz/atyrauda-arheologtar-sarayshyktan-kasym-hannyn-zherlengen-zherin-tapkanyna-senimdi_a3708110

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Мемлекеттік қызметшілер қайырымдылық іспен айналысуда

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен өткізілетін волонтерлік жұмыс аясында және мемлекеттік қызметшінің кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдіруге бағытталған қадамдық жоспарды орындау...

Өңірдің мемлекеттік қызметшілері донорлық қан қорын толықтырды

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен өткізілетін волонтерлік жұмыс аясында және мемлекеттік қызметшінің кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдіруге бағытталған қадамдық жоспарды орындау...

Саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына ақшалай өтемақы төлеу мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Агенттіктің тапсырмасы негізінде тұрақты негізде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жетілдіру бағытында талдау жүргізеді. Ағымдағы жылдың наурыз айында...

Біржан сал ауданында «Біржан едім қайтейін…» атты тарихи драмасы қойылды

Биыл қазақтың дәстүрлі әншілік өнерін, халық музыкасын жаңа белеске көтеріп, өз шығармаларымен толықтырған ірі тұлға, ақын Біржан сал Қожағұлұлының туғанына 190 жыл толуына орай...

Мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнама талаптарын қатаң сақтауы тиіс

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев 9 желтоқсан - Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылған конференцияға...