Воскресенье, 8 сентября, 2024
ЖаңалықтарҚазақстанАвтокредит өтінімін бүгін тіркеп үлгергендер 60 күннің ішінде көлік алады - Өнеркәсіпті...

Автокредит өтінімін бүгін тіркеп үлгергендер 60 күннің ішінде көлік алады — Өнеркәсіпті дамыту қоры

4 пайыздық автонесиеге өтінім беруге арналған сайтқа 1 милиионнан астам адам кірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жайында «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Жанар Ибрашева БАҚ өкілдерімен өткен брифингіде айтты.

«Негізі сайтқа 1 миллионнан астам пайдаланушы кірді. Оның ішінде өтінім берген 125 мыңнан астам азамат тіркелді. Осы платформаға еліміздің барлық аймақтарынан өтініштер түсті. Бағдарлама іске асырылғаннан бері осы уақытқа дейін жиналған қаражат 7,6 млрд теңге болды. Револьерлік механизм болғандықтан, жалпы 761 адам тіркеледі деп жоспарланған», — деп түсіндірді Жанар Ибрашева.

Оның айтуына қарағанда, осы өтінімдер бойынша несие рәсімдеу 60 күннен аспауы керек.

«Несиемен автокөлік алу жұмыстары 60 күннің ішінде аяқталуға тиіс. Бүгін палтформаға тіркелгеннен кейін өтініш беруші автосалонға және банкке барып, өз жұмыстарын жалғастырады. Осы платформа арқылы тіркелген азаматтарға 60 күннің ішінде автокөлікпен қамтамсыз ету жоспарланып отыр», — деді ол.

Бұған дейін «Өнеркәсіпті дамыту қорының» баспасөз қызметі 4 пайыздық автонесиеге өтінім беру неге тым ерте тоқтатылғанын түсіндірген болатын.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Щучинскіде ашылған ескерткіш кімге арналған?

Әлеуметтік желілерде Щучинск қаласында ауған соғысы ардагерлеріне арнап орнатылған ескерткіш туралы ақпарат таралды. Ауған соғысына қатысушыларды ақтай да, даттай да алмаймыз. Олар отандарын басқыншы...

Сот қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін қоғамдық жұмыстарға тарту жазасын тағайындады

Сотта, 58-жастағы жұмыс істемейтін азамат «П.»-ға қатысты анасының денсаулығына зиян келтірмей ұрып-соққаны үшін қылмыстық іс қаралды (Қылмыстық кодексінің 109-1-бабының 1-бөлігі). Сотта анықталғандай, ер адам үйде...

Сот жұмысшыларға өтемақы, моральдық зиян және әлеуметтік төлемдерді аударуды ЖШС-ны міндеттеді

Қосшы қалалық соты пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақы, өсімпұл, моральдық зиянды өндіріп алу және әлеуметтік төлемдерді аударуды міндеттеу туралы «D.» ЖШС-ға 11 жұмысшының талап...

Қазақстандық пауэрлифтер Давид Дегтярев екі дүркін паралимпиада чемпионы атанды

Қазақстандық Давид Дегтярев Париждегі Паралимпиада ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлайды Olympic.kz. Ол пауэрлифтингтен 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ  жарды. Оның ең үздік нәтижесі –...

Ақмола облысы әкімінің атаулы шәкіртақысын тағайындауға үміткерлер құжаттарын қабылдау басталды!

Ақмола облысы әкімінің атаулы шәкіртақысын тағайындауға үміткерлер Ақмола облысында тұратын, күндізгі оқу түрінде ақылы білім алатын, студенттер, интерндер, резиденттер, сонымен қатар келесі критерийлерге сәйкес...