Вторник, 3 декабря, 2024
ЖаңалықтарОқиғаАдам және заңАзаматтарға құқықтық көмек көрсету

Азаматтарға құқықтық көмек көрсету

Сондай-ақ, оқыңыз...

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес әркімнің білікті заң көмегін алуға құқығы бар. Заңда көзделген жағдайларда заң көмегі тегін көрсетіледі.

Тегін заң көмегінің бір түрі мемлекет кепілдік берген заң көмегі болып табылады «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және бақа да Қазақстан Республикасының актілерімен көзделген негізінде алуға құқылы  жеке және заңды тұлғалаларға мемлекеттік органдар, адвокаттар, нотариустар, жеке сот орындаушылары, заң консультанттары  көрсете алады.

Біздің еліміздің заңнамасы үнемі жетілдіріліп, жаңартылып отырады, өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп отырады және «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгертулер енгізілді атап айтқанда, жоғарыда аталған Заңның 26-бабына мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға құқығы бар адамдар тобын кеңейту бөлігіне өзгерістер енгізілді.

Осылайша, бұл тізім толықтырылды және құқықтық кеңес беру түрінде заң көмегін тегін алуға құқығы бар тұлғалардың келесі санаттарын қамтиды:

  • алимент өндіріп алу, зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау, оңалту, босқын немесе қандас мәртебесін алу мәселелері жөніндегі жеке тұлғалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандар;
  • жыныстық зорлық-зомбылықтың, адам саудасының, терроризм актісінің құрбандары не осы мәртебеге немесе жағдайға байланысты олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету және қорғау мәселелері бойынша азаптауға ұшырағандар;
  • асыраушысының қайтыс болуынан келтірілген зиянды өтеу мәселелері бойынша жеке тұлғалар;
  • жеке тұлғалар жұмысқа байланысты денсаулыққа келтірілген зиянның немесе қылмыстық құқық бұзушылықтан келтірілген зиянды өтеу мәселелері бойынша;
  • Ұлы Отан соғысының қатысушылары болып табылатын жеке тұлғалар, жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдар, сондай-ақ басқа мемлекеттердің аумағындағы жауынгерлік іс-қимылдар ардагерлері, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, жасы бойынша, кәсіпкерлік қызметке байланысты емес мәселелер бойынша зейнеткерлер;
  • кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мәселелер бойынша көп балалы отбасылар;
  • кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мәселелер бойынша облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен бір айда жан басына шаққандағы орташа табысы бар аз қамтылған адамдар (отбасылар).

Ақмола облысының Әділет департаменті халыққа құқықтық көмек көрсетуге, оның ішінде мемлекет кепілдік берген заң көмегі мен кешенді әлеуметтік заң көмегіне қатысты түсіндіру іс-шараларын тұрақты негізде жүргізеді.

Мемлекет кепілдік берген тегін заң көмегін алу мәселелері бойынша Ақмола облыстық адвокаттар алқасына 87021181172 телефон нөмірі бойынша, Ақмола облысының заң консультанттары палатасына 87057450257, сондай-ақ Ақмола облысының Әділет департаментіне 8(7162) 40-15-08 хабарласуға болады.

Дмитрий Гаврилов, Ақмола облысы Әділет департаментінің бас маманы.

 

 

 

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Евгений Кочетов Ақмола облысының креативті индустрия өкілдерімен кездесті

29 қараша күні Көкшетау қаласында «Көкшетау» мәдениет сарайында ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Дмитриевич Кочетовтың Ақмола облысының креативті индустрия өкілдерімен кездесуі өтті. Қазақстан Республикасы...

Мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту шеңберінде жер қатынастары саласындағы бірқатар «жасырын» қызметтер регламенттелді

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті жер қатынастары саласындағы мемлекеттік органдардың функцияларын талдау қорытындысы бойынша «жасырын» қызметтерді регламенттеу жөнінде ұсыныс енгізді. Мәселен, бұған...

Ақмола облысында «Саналы ұрпақ» студенттік клубтарының слеті өтті

Ағымдағы жылдың 26 қарашасында Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжінің базасында «Саналы ұрпақ» студенттік клубтарының облыстық слеті өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің...

Алмас Алин Қорғалжын ауданының әкімі болып тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің 2024 жылғы 25 қарашадағы өкімімен, сондай-ақ, ҚР Президенті Әкімшілігінің және мәслихат депутаттарының келісімімен Алмас Аянұлы Алин Қорғалжын ауданының әкімі болып тағайындалды. Ауданның...

Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Мағжан Қайратұлы Ержан Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы болып тағайындалды. Мағжан Қайратұлы Еуразия технологиялық университетін, Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар...