Сот қаулысымен «Д.»-ға қатысты «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасына екі ай мерзімге санкция берілді.
Бұланды аудандық полиция бөлімі бастығының бұрынғы орынбасары «Д.» мүлікке қарсы ауыр қылмыс — алаяқтық жасады деп күдіктелуде (Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы).
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
Көкшетау қаласының мамандандырылған тергеу соты.