Пятница, 18 октября, 2024
ЖаңалықтарМаңыздыЕртеңнен бастап мобильді аударымдар салық органдарының бақылауына алынады

Ертеңнен бастап мобильді аударымдар салық органдарының бақылауына алынады

Ертең яғни, 15 сәуірден бастап ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті жеке тұлғалардың банк шоттарының арасындағы мобильді ақша аударымдарына мониторинг жүргізе бастайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚР Қаржы министрінің тиісті бұйрығында бір адамның жеке тұлға ретінде ашқан банк шотына 3 айдың ішінде 100 және одан да көп адамның банк шотынан ақша аударылған болса, бұл кәсікепрлік қызметтен пайда табу болып есептелетіні айтылған», — делінген комитет хабарламасында.

Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан табыс алу белгілері бар операцияларға жатқызу өлшемшарттарына мыналар кіреді: 1 (бір) жеке тұлғаның қатарынан күнтізбелік 3 айдың ішінде 100 (жүз) және одан да көп әртүрлі тұлғалардан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналмаған банк шотына ақша қаражатын алуы», — деп жазылған құжатта.

Айта кетсек, Салық кодексінің талаптары бойынша, екінші деңгейдегі банктер 2025 жылға дейін салық органдарына жеке тұлғалардың мәліметтерін кезең-кезеңімен беруі көзделген. Бұл процесс бірнеше санат бойынша бірнеше кезеңмен іске асырылмақ.

1 кезең – 2022жылдың 1 қаңтарынан бастап 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін).Бұл кезеңде мемлекеттік қызметішлер мен олардың жұбайлары, мемлекеттік қызметшіге теңестірілгендер мен олардың жұбайлары туралы мәліметтерді береді.

2 кезең – 2023 жылдың 1 қаңтарынан 2024 жылдың 1 қаңтарына дейін. Бұл аралықта бюджеттік сала қызметкерлері мен олардың жұбайлары,квазимемлекеттік сектор қызметшілері мен олардың жұбайлары туралы мәліметтер беріледі.

3-кезең – 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2025 жылдың 1 қаңтарына дейін. Бұл кезеңде Заңды тұлғалардыңбасшылары мен құрылтайшылары, олардың жұбайлары, жеке кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары туралы мәліметтер беріледі. 4 кезең – 2025 жылдың 1 қаңтарынан басталады. Бұл кезде халықтың қалған санаттары туралы мәліметтер беріледі.

«2023 жылы екінші деңгейлі бакнтер мен жекелеген банк операцияларын іске асыратын ұйымдар 1 кезеңге жататын тұлағалардың мәліметтерін өткізеді деп жоспарланып отыр. Бұл бұйрықтың жеке тұлғалардың, парасатты салық төлеушілердің арасындағы ақша аударымдарына қатысы жоқекенін атап өтеміз. Құжат салық мониторингінің сапасын арттыруға, Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына және салықтөлеуденжалтарудың алдын алуға бағытталған», — деп жазылған комитет түсіндірмесінде.

Еске салсақ, аталған өлшемшарттар ақпан айында «Электронды үкімет» порталында көпшіліктің талықлауына шығарылған болатын.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Әлеуметтік қолдау шаралары – жас мамандарды ынталандыру құралдарының бірі ретінде

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 56 бабының 12 тармағында  басшылық лауазымдарды атқаратын адамдарды қоспағанда, ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын "Б" корпусының...

Антикор Ақмола 9 айдың қорытындысы бойынша брифинг өткізді

Ағымдағы жылдың 15 қазанында Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Ақмола облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) департаментінің басшысы Асхат Оразханның...

Мемлекеттік қызметшілерді қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартудың жай-күйін талдау қорытындылары қаралды

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаменті мемлекеттік қызметшілерді қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартудың жай-күйін талдау қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың қызметкерлері үшін семинар ұйымдастырды. Жүргізілген...

Ақмола облысында 949 мемлекеттік қызметші біліктіліктерін арттырды

Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру - бұл мемлекеттік қызметтің адами капиталын дамытудың шешуші процесі. Мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметшілер...

Ақмола облысында автожол салу кезінде бұзушылықтар анықталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті жол құрылысы саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу шеңберінде жол құрылысы сапасына ашық бақылауды...