-11.7 C
Kokshetau
Сейсенбі, Ақпан 27, 2024
ЖаңалықтарМаңыздыЕртеңнен бастап мобильді аударымдар салық органдарының бақылауына алынады

Ертеңнен бастап мобильді аударымдар салық органдарының бақылауына алынады

Ертең яғни, 15 сәуірден бастап ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті жеке тұлғалардың банк шоттарының арасындағы мобильді ақша аударымдарына мониторинг жүргізе бастайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚР Қаржы министрінің тиісті бұйрығында бір адамның жеке тұлға ретінде ашқан банк шотына 3 айдың ішінде 100 және одан да көп адамның банк шотынан ақша аударылған болса, бұл кәсікепрлік қызметтен пайда табу болып есептелетіні айтылған», – делінген комитет хабарламасында.

Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан табыс алу белгілері бар операцияларға жатқызу өлшемшарттарына мыналар кіреді: 1 (бір) жеке тұлғаның қатарынан күнтізбелік 3 айдың ішінде 100 (жүз) және одан да көп әртүрлі тұлғалардан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналмаған банк шотына ақша қаражатын алуы», – деп жазылған құжатта.

Айта кетсек, Салық кодексінің талаптары бойынша, екінші деңгейдегі банктер 2025 жылға дейін салық органдарына жеке тұлғалардың мәліметтерін кезең-кезеңімен беруі көзделген. Бұл процесс бірнеше санат бойынша бірнеше кезеңмен іске асырылмақ.

1 кезең – 2022жылдың 1 қаңтарынан бастап 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін).Бұл кезеңде мемлекеттік қызметішлер мен олардың жұбайлары, мемлекеттік қызметшіге теңестірілгендер мен олардың жұбайлары туралы мәліметтерді береді.

2 кезең – 2023 жылдың 1 қаңтарынан 2024 жылдың 1 қаңтарына дейін. Бұл аралықта бюджеттік сала қызметкерлері мен олардың жұбайлары,квазимемлекеттік сектор қызметшілері мен олардың жұбайлары туралы мәліметтер беріледі.

3-кезең – 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2025 жылдың 1 қаңтарына дейін. Бұл кезеңде Заңды тұлғалардыңбасшылары мен құрылтайшылары, олардың жұбайлары, жеке кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары туралы мәліметтер беріледі. 4 кезең – 2025 жылдың 1 қаңтарынан басталады. Бұл кезде халықтың қалған санаттары туралы мәліметтер беріледі.

«2023 жылы екінші деңгейлі бакнтер мен жекелеген банк операцияларын іске асыратын ұйымдар 1 кезеңге жататын тұлағалардың мәліметтерін өткізеді деп жоспарланып отыр. Бұл бұйрықтың жеке тұлғалардың, парасатты салық төлеушілердің арасындағы ақша аударымдарына қатысы жоқекенін атап өтеміз. Құжат салық мониторингінің сапасын арттыруға, Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына және салықтөлеуденжалтарудың алдын алуға бағытталған», – деп жазылған комитет түсіндірмесінде.

Еске салсақ, аталған өлшемшарттар ақпан айында «Электронды үкімет» порталында көпшіліктің талықлауына шығарылған болатын.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Зеренді ауданының Баратай ауылында ауыл клубы жұмыс істейді

Өнер десе ішкен асын жерге қояр ауыл қауымы үшін бұл өте үлкен таптырмас орын десек артық айтпаймыз. Клубта осы бір жылдық жұмыс көлемінде бірнеше...

Ақмола облысында Антикор Pro bono волонтерлері азаматтарға тегін кеңес берді

Ақмола облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы Pro bono волонтерлері Көкшетау қаласының №3 ХҚКО ғимаратында азаматтарға тегін кеңес берді. Іс-шара барысында білікті адвокаттар, заң кеңесшілері, нотариустар және...

Ақмола облысында мектепті сапасыз жөндеген мердігерге айыппұл салынды

Есіл ауданының прокуратурасы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген мектепті тексеру кезінде орындалған жұмыстардың актілеріне заңсыз қол қойылғанын және сол үшін бюджет қаражатынан жалпы сомасы 27...

Көкшетауда «Өзбекәлі және мәдени майдан» кітабының салтанатты тұсаукесері өтті

Өткен аптада «Достар» мәдениет үйінде  Отбасы хрестоматиясы жобасының  авторы, ағартушы, шығыстанушы Санжар Керімбай мен Әділбек Нәбидің «Өзбекәлі және мәдени майдан» кітабының салтанатты тұсаукесері болды. Кітап...

Ақкөл ауданында тұрғын үй өртеніп, бір адам көз жұмды

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт 19 ақпанда түнгі сағат 04:45-те Еңбек ауылының Целинная көшесі бойында орналасқан жеке тұрғын үйде болды. Өртті сөндіруге ТЖД...