Пятница, 17 января, 2025
ЖаңалықтарМаңыздыКөкшетауда "Домбыра – дастан, домбыра - күй" акциясы өтті

Көкшетауда «Домбыра – дастан, домбыра — күй» акциясы өтті

Сондай-ақ, оқыңыз...

Бүгін балалар жылы аясында «Bolashaq Saraiy» алаңында Ұлттық домбыра күніне арналған «Домбыра – дастан, домбыра — күй» акциясы өтті.

Игі шараны облыстық «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі облыстық орталығы ұйымдастырды.

Акция шарты бойынша қазақ халық аспаптар ұжымдары мен ансамбльдері келесі күйлерді орындады:
1. «Балбырауын» — Құрманғазы Сағырбайұлы;
2. «Әлқисса» — Н.А.Тілендиев;
3. «Ата толғауы» — Н.А.Тілендиев.

Сондай-ақ, акция барысында Біржан сал атындағы музыкалық колледжі мен музыка мектептері оқытушыларының күй тартысы көрсетілді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шара ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтауға және жандандыруға ықпал етеді. Өскелең ұрпақ, өнер сүйер қауым арасында қазақ өнерін кеңінен насихаттау, жас таланттар мен талантты орындаушыларды қолдау.

Жалпы акцияға Ақмола облысының балалар музыка мектептері мен балалар өнер мектебінің 120-ға жуық оқушысы қатысты.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Жайлылық пен сапа: Ақмола облысында заманауи жатақханалар ашылуда

Жыл басында  өңірде студенттер үшін жаңа заманауи жатақханалар пайдалануға беріледі. Бұл  оларды жайлы баспанамен қамтамасыз етудегі маңызды қадам  болмақ. Жаңа жатақхана студенттердің тұрғын үй...

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында 15 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2024 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша...

Ақмола облысында мемлекеттік қызметтегі басшы әйелдердің үлесі 43,4% құрайды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2024 жылғы қызметін қорытындылады. Бұл туралы Департамент басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен...

Онлайн режимде мемлекеттік қызметке іріктеу бойынша 1683 конкурс өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында eqyzmet.gov.kz жүйесінде мемлекеттік қызметке іріктеу...

Ақмола облысында 528 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикердің айтуынша...