spot_img
spot_img
7.7 C
Kokshetau
ЖаңалықтарМаңыздыКөкшетауда "Домбыра – дастан, домбыра - күй" акциясы өтті

Көкшетауда «Домбыра – дастан, домбыра – күй» акциясы өтті

-Жарнама -spot_img

Бүгін балалар жылы аясында «Bolashaq Saraiy» алаңында Ұлттық домбыра күніне арналған «Домбыра – дастан, домбыра – күй» акциясы өтті.

Игі шараны облыстық «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі облыстық орталығы ұйымдастырды.

Акция шарты бойынша қазақ халық аспаптар ұжымдары мен ансамбльдері келесі күйлерді орындады:
1. «Балбырауын» – Құрманғазы Сағырбайұлы;
2. «Әлқисса» – Н.А.Тілендиев;
3. «Ата толғауы» – Н.А.Тілендиев.

Сондай-ақ, акция барысында Біржан сал атындағы музыкалық колледжі мен музыка мектептері оқытушыларының күй тартысы көрсетілді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шара ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтауға және жандандыруға ықпал етеді. Өскелең ұрпақ, өнер сүйер қауым арасында қазақ өнерін кеңінен насихаттау, жас таланттар мен талантты орындаушыларды қолдау.

Жалпы акцияға Ақмола облысының балалар музыка мектептері мен балалар өнер мектебінің 120-ға жуық оқушысы қатысты.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Байланысты бол
16,985ФанаттарМаған ұнайды
2,458ОқырмандарОқу
61,453ЖазылушыларЖазылу
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img