Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті Көкшетау қаласының Қоғамдық кеңесімен және мемлекеттік органдармен бірлесіп өңірдің Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасын іске асыру шеңберінде сумен жабдықтау жүйесінің жұмыс сапасына көшпелі мониторинг жүргізді.
Мониторинг барысында жұртшылық өкілдері Шағалалы су қоймасына, Красный Яр ауылындағы ұңғымаға, сондай-ақ Көкшетау қаласының тазарту құрылыстарына барды.
Қаланы сумен жабдықтау Шағалалы су қоймасынан және Көкшетау топтық су құбырынан (Сергеев су қоймасынан су тартумен) жүзеге асырылады.
Бұл ретте, «Су Арнасы» кәсіпорны басшылығының ақпараты бойынша Көкшетау су құбыры арқылы қаланы сумен жабдықтау бірқатар себептер бойынша толық көлемде қамтамасыз етілмейді, ал ауыз суды тұтынушылар саны жыл сайын артып келеді. Сондықтан кәсіпорын Шағалалы су қоймасынан суды пайдалануға мәжбүр, бірақ оның тазарту қондырғылары 50 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келеді және күрделі жөндеуді қажет етеді. Мұның бәрі ауыз судың сапасына әсер етеді, осылайша қала тұрғындарының көптеген негізделген сындары және шағымдарын тудырады.
Айта кетейік, ағымдағы жылдың қараша айында Көкшетау қаласының Қоғамдық кеңесінің отырысында жұртшылық пен мемлекеттік органдар халықты сапалы сумен жабдықтау, атап айтқанда, қалалық су тазарту станциясын қайта жаңарту және жаңа тазарту құрылыстарын салу мәселелерін көтерген болатын.
Қоғамдық мониторинг барысында «Су Арнасы» бас директоры хабарлағандай, 2009-2010 жылдары әзірленген тазарту құрылыстарын жөндеу жобасы бірнеше рет түзетілген және қазіргі уақытта түзетуде. Тұрғындарды таза сумен қамтамасыз ету мақсатында кәсіпорын Павловск су қоймасындағы жұмыстарды қайта бастауды, сондай-ақ Чаглинка су жинаудың үшінші желісін өткізуді ұсынады.
Көшпелі мониторинг қорытындысы бойынша жұмыс тобы Павловск су қоймасын қалпына келтіру бойынша жұмыстарды жүргізуге, Көкшетау қаласы мен Красноярск ауылдық округінде жаңа қосымша ұңғымаларды ашуға, сондай-ақ Тазарту құрылыстарын жөндеу жөніндегі жоспарды әзірлеуге қатысты ұсыныстар әзірледі. Бұл мәселелер жұртшылықтың бақылауына алынды.
Естеріңізге сала кетейік, сумен жабдықтау инфрақұрылымының проблемалық мәселелері өңір халқын толғандыратын мәселелердің бірі болып табылады, сондықтан бұл сала облыстың Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасында көрсетілген.