Полицейлер тінту кезінде 30 мефедрон түйілген полиэтиленді пакет тауып, тәркіледі.
23- маусымда «Қарасора – 2023» жедел-алдын алу іс-шарасы шеңберінде Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл құрылымының қызметкерлері синтетикалық есірткіні сақтады деген күдікпен Көкшетау қаласындағы аулалардың бірінде 1986 жылы туған азаматты ұстады.
Тергеу іс-шараларын жүргізу кезінде полицейлер ер адамнан мефедронға ұқсас ұнтақ тәріздес консистенциялы 30 түйілген полиэтилен пакетті тауып, тәркіледі. Алынған заттың нақты құрамы мен салмағын сараптама анықтайды.
Болжамға сәйкес ұсталған тұлға біраз уақыттан бері Көкшетау қаласының аумағында «синтетикалы» есірткі затын таратумен айналысқан және ұсталған күні де сол заңсыз кәсібін жүзеге асыруға тырысқан.
Осы фактіге қатысты ҚР ҚК 264-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды (өткізу мақсатынсыз есірткі заттарымен заңсыз жұмыс істеу). Баптың санкциясына сәйкес ұсталған қала тұрғыны үш жылдан бастап жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.