Воскресенье, 24 ноября, 2024
ЖаңалықтарОқиғаҚылмысКөкшетауда қоғам белсендісі есірткі сақтады деген күдікпен ұсталды

Көкшетауда қоғам белсендісі есірткі сақтады деген күдікпен ұсталды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Көкшетауда есірткі затын сақтау күдігімен жергілікті қоғамдық кеңестің мүшесі Мәлік Ахметқалиев ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметі 21 маусымда Көкшетау қаласында есірткі заттарын сақтады деген күдікпен 1983 жылы туған жергілікті тұрғынның ұсталғанын растады.

«Тінту кезінде ұсталған адамнан ақ түсті ұнтақ тәрізді консистенциясы бар полиэтилен пакет табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес бұл зат — мефедрон, яғни аса ірі мөлшердегі есірткі құралы болып табылады (жиынтық кестеге сәйкес). Осы дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігі бойынша (өткізу мақсатынсыз есірткі затын заңсыз қолдану) сотқа дейінгі тергеу басталды. Сол күні ұсталған адамға наркологиялық тексеру жасалды, экспресс-тест нәтижесі зәрінде каннабиноид бар екенін көрсетіп берді», — деді ведомстводан.

ПД баспасөз қызметінен атап өткендей, Қылмыстық процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

«Полиция департаменті азаматтар мен БАҚ өкілдерінен шындыққа жанаспайтын ақпарат таратпауды және ресми дереккөздерге сенуді сұрайды», — деп қосты ведомстводан.

Осы ретте әлеуметтік желідегі жергілікті пабликтер ұсталған адамның Көкшетау қаласының тұрғыны, қоғам белсендісі 40 жастағы Мәлік Ахметқалиев екенін жазып жатыр.

Айта кетсек, бұдан бұрын Көкшетауда есірткі тасымалдаған астана тұрғыны 11 жылға сотталғанын жазған едік.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Мағжан Қайратұлы Ержан Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы болып тағайындалды. Мағжан Қайратұлы Еуразия технологиялық университетін, Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар...

Ақмолада Мемлекеттік бюджетті атқару кезінде жемқорлық тәуекелдері бойынша бухгалтерлерге арналған семинар өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаментімен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, білім беру және спорт саласындағы ұйымдардың бухгалтерлері үшін мемлекеттік бюджетті атқару кезіндегі сыбайлас...

296 фермердің 618 млн. теңгеден астам сомаға субсидия алу құқығы қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті қызмет берушінің кінәсінен «Саны зияндылықтың экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және...

Көкшетауда Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті

1 қараша күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған «Күмбірлеткен кеудемді...

Ақмола облысында қызметтік автокөлікті қызметтік емес мақсатта пайдаланудың 21 фактісі анықталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың қызметтік автокөлікті жеке мақсатта пайдалануға тыйым...