Воскресенье, 22 декабря, 2024
ЖаңалықтарОқырман хатыКөкшетауда жаңа тұрғын үйдің қабырға кірпіштері опырылып түсті

Көкшетауда жаңа тұрғын үйдің қабырға кірпіштері опырылып түсті

Сондай-ақ, оқыңыз...

Оқиға Сарыарқа шағынауданы 6/3 мекенжайы бойынша орналасқан көпқабатты тұрғын үйде болды. Бұл туралы аталмыш тұрғын үйдің тұрғындары әлеуметтік желіге бейнежазба жариялады. Онда 4 және 5 қабаттағы пәтерлердің ортасындағы қабырға кірпіштерінің опырылып түскенін көруге болады.

Желі қолданушылар Көкшетаудағы Сарыарқа шағынуданындағы өзге де тұрғын үйлердің сапасын сынға алуда. Олардың айтуынша, мұндағы жаңа тұрғын үйлердің бағасына сапасы сай емес көрінеді.

«Сарыарқа проблемасы көп аудан, мұндағы үйлер қалай болса, солай салын. Бұл үйлерде бюджет салада жұмыс істейтіндер тұрады», — дейді желі қолданушылардың бірі.

«Сапасы нөл, ал бағасы аспандап тұр», — дейді тағы бір желі қолданушы.

«Өтіп бара жатып салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылысына назар аударамын. Барлық жерде осындай үйлер салынуда, қабырғалары жұқа, ортасы пенопласт», — дейді Люмила есімді желі қолданушы.

Осы ретте, Көкшетау қаласы әкімдігіндегілер кірпіштердің опырылып құлауынан тұрғындарға еш қауіптің жоқ екенін айтып сендіруде.

«Сарыарқа шағынаудандағы 6/3 тұрғын үйдің тұрғындарының өтінішіне сәйкес, биылғы жылдың 20 сәуірінде Көкшетау қаласының әкімдігімен тұрғындарға қауіп-қатерді болдырмау және жою бойынша шаралар қабылдау үшін инспекциялық шығу жүзеге асырылды. Аталған өтініш бойынша сервистік компания мамандары құлайын деп тұрған кірпіштерді алып тастады», — деп түсіндірді қала әкімдігінен.

Айта кетсек, жақында осы Сарыарқа шағынауданында электрмен жабдықтау жүйесінде апат орын алып, көптеген тұрғын үйлер 4 күн бойы жарықсыз отырған болатын.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Мемлекеттік қызметшілер қайырымдылық іспен айналысуда

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен өткізілетін волонтерлік жұмыс аясында және мемлекеттік қызметшінің кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдіруге бағытталған қадамдық жоспарды орындау...

Өңірдің мемлекеттік қызметшілері донорлық қан қорын толықтырды

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен өткізілетін волонтерлік жұмыс аясында және мемлекеттік қызметшінің кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдіруге бағытталған қадамдық жоспарды орындау...

Саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына ақшалай өтемақы төлеу мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Агенттіктің тапсырмасы негізінде тұрақты негізде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жетілдіру бағытында талдау жүргізеді. Ағымдағы жылдың наурыз айында...

Біржан сал ауданында «Біржан едім қайтейін…» атты тарихи драмасы қойылды

Биыл қазақтың дәстүрлі әншілік өнерін, халық музыкасын жаңа белеске көтеріп, өз шығармаларымен толықтырған ірі тұлға, ақын Біржан сал Қожағұлұлының туғанына 190 жыл толуына орай...

Мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнама талаптарын қатаң сақтауы тиіс

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев 9 желтоқсан - Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылған конференцияға...