Сенбі, Шілде 27, 2024
15.2 C
Kokshetau
14 C
Nur-Sultan
24 C
Almaty
ЖаңалықтарОқырман хатыКөкшетауда жаңа тұрғын үйдің қабырға кірпіштері опырылып түсті

Көкшетауда жаңа тұрғын үйдің қабырға кірпіштері опырылып түсті

Оқиға Сарыарқа шағынауданы 6/3 мекенжайы бойынша орналасқан көпқабатты тұрғын үйде болды. Бұл туралы аталмыш тұрғын үйдің тұрғындары әлеуметтік желіге бейнежазба жариялады. Онда 4 және 5 қабаттағы пәтерлердің ортасындағы қабырға кірпіштерінің опырылып түскенін көруге болады.

Желі қолданушылар Көкшетаудағы Сарыарқа шағынуданындағы өзге де тұрғын үйлердің сапасын сынға алуда. Олардың айтуынша, мұндағы жаңа тұрғын үйлердің бағасына сапасы сай емес көрінеді.

«Сарыарқа проблемасы көп аудан, мұндағы үйлер қалай болса, солай салын. Бұл үйлерде бюджет салада жұмыс істейтіндер тұрады», – дейді желі қолданушылардың бірі.

«Сапасы нөл, ал бағасы аспандап тұр», – дейді тағы бір желі қолданушы.

«Өтіп бара жатып салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылысына назар аударамын. Барлық жерде осындай үйлер салынуда, қабырғалары жұқа, ортасы пенопласт», – дейді Люмила есімді желі қолданушы.

Осы ретте, Көкшетау қаласы әкімдігіндегілер кірпіштердің опырылып құлауынан тұрғындарға еш қауіптің жоқ екенін айтып сендіруде.

«Сарыарқа шағынаудандағы 6/3 тұрғын үйдің тұрғындарының өтінішіне сәйкес, биылғы жылдың 20 сәуірінде Көкшетау қаласының әкімдігімен тұрғындарға қауіп-қатерді болдырмау және жою бойынша шаралар қабылдау үшін инспекциялық шығу жүзеге асырылды. Аталған өтініш бойынша сервистік компания мамандары құлайын деп тұрған кірпіштерді алып тастады», – деп түсіндірді қала әкімдігінен.

Айта кетсек, жақында осы Сарыарқа шағынауданында электрмен жабдықтау жүйесінде апат орын алып, көптеген тұрғын үйлер 4 күн бойы жарықсыз отырған болатын.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған Қостанайдың Бас имамы ұсталды

Қостанайдың Бас имамы Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған сәтінде ұсталды. Полиция мас имамның үстінен әкімшілік хаттама толтырып, 15 тәулікке қамады. Имам Бурабайдың көрікті жерлерінде...

Бурабайда Қазақстанда баламасы жоқ мультимедиалық интерактивті кешен ашылды

Бурабай курортындағы Абылай хан алаңында қайта жаңартудан кейін мультимедиалық интерактивті кешеннің (МИК) салтанатты ашылуы өтті. Қайта жаңарту мақсаттарының бірі - Мемлекет басшысының туризмді дамыту жөніндегі...

Жас маман – еліміздің шамшырағы!

Қоғамда өз ісіне берік, ақыл парасаты мол жас мамандар баршылық. Ел Президентіміз «Болашақ жастардың қолында» деп үнемі айтып, бүгінде жастарға барынша мемлекет тарапынан қолдау...

Жарқайың ауданының әкіміне қатаң сөгіс жарияланды

Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитовке Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың су тасқынының салдарын жою жөніндегі бірқатар тапсырмаларын тиісінше орындамағаны үшін қатаң сөгіс жарияланды. Жарқайың ауданының...

Қала көшелерінде егеуқұйрық және антисанитария: Ерейментау ауданының әкімі қатаң сөгіс алды

«Ерейментау ауданының әкімі Нұрлан Мұқатовқа қоқыс шығару бойынша жұмыстың тиісті деңгейінде жүргізілмегені үшін қатаң сөгіс жарияланды», - деп хабарлайды Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен. Аудан...