Среда, 15 января, 2025
ЖаңалықтарӘлемКипр аралында коронавирустың гибридті нұсқасы – «дельтакрон» анықталды

Кипр аралында коронавирустың гибридті нұсқасы – «дельтакрон» анықталды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Кипр аралында коронавирустың гибридті нұсқасы – «дельтакрон» анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның хабарлауынша, коронавирус жұқтырған 25 адамның үлгілерінен жаңа штамм табылды.

Дегенмен, ғалымдардың пікірінше, бұл нұсқа айтарлықтай қауіп төндірмейді.

«Кипр университетінің профессоры Леонтиос Кострикис айтқандай, «дельтакронның» «дельтамен» генетикалық негізі бір және сонымен бірге «омикронға» тән мутациялар бар. Омикронның басқа штамдардан ерекшелігі оның геномында 30 түрлі мутация бар. Олардың ондығы аталған үлгілерде анықталды», — деп түсіндірді ғалым.

Оңтүстік Африкадан келген иммунологтар омикронды COVID-19 пандемиясының жедел кезеңінің аяқталуымен және оның эндемиялық жағдайға көшуімен, яғни белгілі бір аумаққа тән болатынымен байланыстырды.

Зерттеушілер омикронды және бұрын анықталған штамдары бар 466 пациенттің деректерін зерттеп, COVID-19 жағдайларының тек 4,5%-ы осы толқын кезінде ауруханада қайтыс болғанын анықтады, бұл бұрынғы орташа есеппен 21%-ы.

Сондай-ақ, стационарда болудың орташа ұзақтығы бұрынғы 8,8 күннен төрт күнге, ал жансақтау бөлімдеріне жатқызылғандар саны – 4,3-тен 1 %-ға дейін қысқарды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Жайлылық пен сапа: Ақмола облысында заманауи жатақханалар ашылуда

Жыл басында  өңірде студенттер үшін жаңа заманауи жатақханалар пайдалануға беріледі. Бұл  оларды жайлы баспанамен қамтамасыз етудегі маңызды қадам  болмақ. Жаңа жатақхана студенттердің тұрғын үй...

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында 15 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2024 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша...

Ақмола облысында мемлекеттік қызметтегі басшы әйелдердің үлесі 43,4% құрайды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2024 жылғы қызметін қорытындылады. Бұл туралы Департамент басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен...

Онлайн режимде мемлекеттік қызметке іріктеу бойынша 1683 конкурс өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында eqyzmet.gov.kz жүйесінде мемлекеттік қызметке іріктеу...

Ақмола облысында 528 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикердің айтуынша...