Ақмола облысының ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде боран мен көктайғақтың салдарынан Беларусь азаматы басқарған «DAF» жабық жүк көлігі жолдан шығып кеткен.
Нұр-Сұлтан қаласынан Польшаға жол жүріп бара жатқан Беларусь азаматының «DAF» жабық жүк көлігі боран мен көктайғақтың салдарынан «Алматы-Екатеринбор» тас жолының 931 шақырымында жолдан шығып кеткен.
«ТЖБ мен полиция қызметкерлері, ДЭУ-4 жұмысшылары жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, бірнеше күн бойы қарға батып қалған жүк көлігін шығаруға көмектесті. Нәтижесінде наурыздың 22-де жүк көлігі ауыр техниканың көмегімен сүйреп шығарылды. Шетел азаматы өзіне көмектескен ақмолалықтарға алғысын айтып, сапарын одан әрі жалғастырды», — деді Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметіндегілер.
Еске сала кетейік, ауа райына байланысты ақмолалық құтқарушылар облыс тұрғындары мен қонақтарын жолға шықпауға шақырған болатын.