spot_img
- Жарнама -spot_img
13.8 C
Kokshetau
ЖаңалықтарОқиғаАқмола облысында көлігі қарға батып қалған Беларусь азаматына көмек көрсетілді

Ақмола облысында көлігі қарға батып қалған Беларусь азаматына көмек көрсетілді

-Жарнама -spot_img

Ақмола облысының ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше,  өңірде боран мен көктайғақтың салдарынан Беларусь азаматы басқарған «DAF» жабық жүк көлігі жолдан шығып кеткен.

Нұр-Сұлтан қаласынан Польшаға жол жүріп бара жатқан Беларусь азаматының «DAF» жабық жүк көлігі боран мен көктайғақтың салдарынан «Алматы-Екатеринбор» тас жолының 931 шақырымында жолдан шығып кеткен.

«ТЖБ мен полиция қызметкерлері, ДЭУ-4 жұмысшылары жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, бірнеше күн бойы қарға батып қалған жүк көлігін шығаруға көмектесті. Нәтижесінде наурыздың 22-де жүк көлігі ауыр техниканың көмегімен сүйреп шығарылды. Шетел азаматы өзіне көмектескен ақмолалықтарға алғысын айтып, сапарын одан әрі жалғастырды», – деді Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметіндегілер.

Еске сала кетейік, ауа райына байланысты ақмолалық құтқарушылар облыс тұрғындары мен қонақтарын жолға шықпауға шақырған болатын.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Байланысты бол
16,985ФанаттарМаған ұнайды
2,458ОқырмандарОқу
61,453ЖазылушыларЖазылу
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img