Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт 1-ші наурыз күні Бұланды ауданының Купчанов ауылында орын алған. Тілсіз жау 81 шаршы метр аумақты шарпыды.
“Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД жеке құрамынан 11 адам мен 3 бірлік техника жұмылдырылды. Өрт сөндіру барысында үй ішінен 1976-1987 жылғы екі әйел мен 1994 жылғы ер адамның мәйіті табылды. Бір адам терезені сындырып шығып аман қалған”, — деді ведомстводан.
Алдын ала ақпарат бойынша, үй иесі, 1976 жылы туған әйел отбасылық мерекеде, достарының арасында ұлының кәмелетке жасқа толғанын атап өтпек болған. Кейін орын алған өрт кезінде келген қонақтар үй иесімен бірге қаза тапқан.
“Өрт туралы хабардың кеш түсуінен оның тез таралуына әкелді, Бірнеше минут ішінде үй толығымен отқа оранды”, – деді Ақмола облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Думан Дәлешов.