Пятница, 18 октября, 2024
ЖаңалықтарОқиғаТөрт ай бұрын жоғалған жылқылардың көлге батып кеткені анықталды

Төрт ай бұрын жоғалған жылқылардың көлге батып кеткені анықталды

Ақмола облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2021 жылдың желтоқсан айында Ерейментау аудандық полициясы бөліміне 45 жастағы жергілікті тұрғын жүгінді. Сол кезде ер адам 2-8 желтоқсан аралығында еркін жайылымда жүрген 14 бас жылқысы жоғалғанын айтқан болатын. Мал иесіне келтірілген шығын көлемі 7,5 миллион теңгеге бағаланды.

«Аудандық полиция қызметкерлері төрт айдан астам уақыт бойы жедел-іздестіру шарасын жүргізді. Сәуірдің 12-де жоғалған жылқылардың өлексесі Қызылсор көлінен табылды. Аталмыш көл жартылай тұщы, жартылай тұзды, сол себепті су бетіндегі мұз қалың болып қата қоймайды. Жұқа мұздың үстіне шыққан бір үйір жылқының батып кеткені анықталды. Осы жағдайға байланысты қылмыстық іс қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылды», — деді ведомстводан.

 

 

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Әлеуметтік қолдау шаралары – жас мамандарды ынталандыру құралдарының бірі ретінде

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 56 бабының 12 тармағында  басшылық лауазымдарды атқаратын адамдарды қоспағанда, ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын "Б" корпусының...

Антикор Ақмола 9 айдың қорытындысы бойынша брифинг өткізді

Ағымдағы жылдың 15 қазанында Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Ақмола облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) департаментінің басшысы Асхат Оразханның...

Мемлекеттік қызметшілерді қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартудың жай-күйін талдау қорытындылары қаралды

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаменті мемлекеттік қызметшілерді қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартудың жай-күйін талдау қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың қызметкерлері үшін семинар ұйымдастырды. Жүргізілген...

Ақмола облысында 949 мемлекеттік қызметші біліктіліктерін арттырды

Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру - бұл мемлекеттік қызметтің адами капиталын дамытудың шешуші процесі. Мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметшілер...

Ақмола облысында автожол салу кезінде бұзушылықтар анықталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті жол құрылысы саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу шеңберінде жол құрылысы сапасына ашық бақылауды...