Воскресенье, 22 декабря, 2024
ЖаңалықтарӘлемӘлемде коронавирус жұқтырғандар саны 40 миллионға жуықтады

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 40 миллионға жуықтады

Сондай-ақ, оқыңыз...

Соңғы тәулікте 341 мыңнан аса адам індет жұқтырып алған, хабарлайды «Хабар 24».

Вирустың жаппай тарауына байланысты көптеген ел шектеу шараларын күшейтті. Әсіресе Еуропа мемлекеттері шектеуді қатаңдатып жатыр. Еуропа елдерінде коронавиурс жұқтырғандар саны арта бастады. Соңғы күндері Германияда COVID-19 күшіне мініп тұр. Кеше 8 мыңға жуық тұрғыннан қауіпті вирус анықталды. Бұл Германия үшін жаңа антирекорд. Канцлер Ангела Меркель ахуалға байланысты халыққа үндеу жариялап, қауіпсіздік мәселесіне аса мән беруге шақырды. Отбасылық мерекеден бас тартуға кеңес берді.

Ангела Меркель, Германия канцлері: — Вирус тез тарап жатыр. Алда күрделі кезең күтіп тұр. Соны сезінуіміз керек. Мейлінше оқшау болсақ, соғұрлым індетті тежеуге өріс ашылады. Кез келген уақытты өз пайдамызға шешуіміз керек. Әр адам жауапкершілікті сезініп, сақтық шараларын орындауы тиіс. Италияда да індеттің таралуы күшейе бастады. Өткен жұма күні Апеннин түбегінде 10 мыңнан астам тұрғыннан COVID-19 анықталды. Сарапшылар «соңғы көрсеткіш індеттің екінші толқынының көрініс беруі», дейді.

Бірақ билік елде екінші қайтара жалпыұлттық карантин енгізілмейтінін мәлімдеді.

Джузеппе Конте, Италия премьер-министрі: — Біз қатаң карантин енгізбеуге тырысамыз. Бірақ бұл елде коронавирус індетінің қаупі азайды дегенді білдірмейді. Біз көп жұмыс атқарып, індеттің кезекті толқынына жақсы дайындалдық деп ойлаймын. Сондықтан енді вируспен күресте өзге стратегияны қолдануымыз керек.

Ал Францияда жақында вирус жұқтырғандардың күрт өсуіне байланысты коменданттық сағат енгізілген. Себебі билік коронавирустың өршуіне көбіне ойын-той себеп болатынын алға тартып, отбасылық мерекелерді шектеуді жөн көрді. Жаңа тәртіптен кейін Париж көшелерінде күндіз жүргінші көп болғанымен түнде кісі азайды.

Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/lemde/item/430327-lemde-koronavirus-zh-tyr-andar-sany-40-million-a-zhuy-tady

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Мемлекеттік қызметшілер қайырымдылық іспен айналысуда

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен өткізілетін волонтерлік жұмыс аясында және мемлекеттік қызметшінің кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдіруге бағытталған қадамдық жоспарды орындау...

Өңірдің мемлекеттік қызметшілері донорлық қан қорын толықтырды

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен өткізілетін волонтерлік жұмыс аясында және мемлекеттік қызметшінің кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдіруге бағытталған қадамдық жоспарды орындау...

Саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына ақшалай өтемақы төлеу мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Агенттіктің тапсырмасы негізінде тұрақты негізде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жетілдіру бағытында талдау жүргізеді. Ағымдағы жылдың наурыз айында...

Біржан сал ауданында «Біржан едім қайтейін…» атты тарихи драмасы қойылды

Биыл қазақтың дәстүрлі әншілік өнерін, халық музыкасын жаңа белеске көтеріп, өз шығармаларымен толықтырған ірі тұлға, ақын Біржан сал Қожағұлұлының туғанына 190 жыл толуына орай...

Мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнама талаптарын қатаң сақтауы тиіс

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев 9 желтоқсан - Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылған конференцияға...