Сенбі, Шілде 27, 2024
20.4 C
Kokshetau
26 C
Nur-Sultan
37 C
Almaty
ЖаңалықтарӘлемӘлемде коронавирус жұқтырғандар саны 40 миллионға жуықтады

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 40 миллионға жуықтады

Соңғы тәулікте 341 мыңнан аса адам індет жұқтырып алған, хабарлайды «Хабар 24».

Вирустың жаппай тарауына байланысты көптеген ел шектеу шараларын күшейтті. Әсіресе Еуропа мемлекеттері шектеуді қатаңдатып жатыр. Еуропа елдерінде коронавиурс жұқтырғандар саны арта бастады. Соңғы күндері Германияда COVID-19 күшіне мініп тұр. Кеше 8 мыңға жуық тұрғыннан қауіпті вирус анықталды. Бұл Германия үшін жаңа антирекорд. Канцлер Ангела Меркель ахуалға байланысты халыққа үндеу жариялап, қауіпсіздік мәселесіне аса мән беруге шақырды. Отбасылық мерекеден бас тартуға кеңес берді.

Ангела Меркель, Германия канцлері: – Вирус тез тарап жатыр. Алда күрделі кезең күтіп тұр. Соны сезінуіміз керек. Мейлінше оқшау болсақ, соғұрлым індетті тежеуге өріс ашылады. Кез келген уақытты өз пайдамызға шешуіміз керек. Әр адам жауапкершілікті сезініп, сақтық шараларын орындауы тиіс. Италияда да індеттің таралуы күшейе бастады. Өткен жұма күні Апеннин түбегінде 10 мыңнан астам тұрғыннан COVID-19 анықталды. Сарапшылар «соңғы көрсеткіш індеттің екінші толқынының көрініс беруі», дейді.

Бірақ билік елде екінші қайтара жалпыұлттық карантин енгізілмейтінін мәлімдеді.

Джузеппе Конте, Италия премьер-министрі: – Біз қатаң карантин енгізбеуге тырысамыз. Бірақ бұл елде коронавирус індетінің қаупі азайды дегенді білдірмейді. Біз көп жұмыс атқарып, індеттің кезекті толқынына жақсы дайындалдық деп ойлаймын. Сондықтан енді вируспен күресте өзге стратегияны қолдануымыз керек.

Ал Францияда жақында вирус жұқтырғандардың күрт өсуіне байланысты коменданттық сағат енгізілген. Себебі билік коронавирустың өршуіне көбіне ойын-той себеп болатынын алға тартып, отбасылық мерекелерді шектеуді жөн көрді. Жаңа тәртіптен кейін Париж көшелерінде күндіз жүргінші көп болғанымен түнде кісі азайды.

Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/lemde/item/430327-lemde-koronavirus-zh-tyr-andar-sany-40-million-a-zhuy-tady

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған Қостанайдың Бас имамы ұсталды

Қостанайдың Бас имамы Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған сәтінде ұсталды. Полиция мас имамның үстінен әкімшілік хаттама толтырып, 15 тәулікке қамады. Имам Бурабайдың көрікті жерлерінде...

Бурабайда Қазақстанда баламасы жоқ мультимедиалық интерактивті кешен ашылды

Бурабай курортындағы Абылай хан алаңында қайта жаңартудан кейін мультимедиалық интерактивті кешеннің (МИК) салтанатты ашылуы өтті. Қайта жаңарту мақсаттарының бірі - Мемлекет басшысының туризмді дамыту жөніндегі...

Жас маман – еліміздің шамшырағы!

Қоғамда өз ісіне берік, ақыл парасаты мол жас мамандар баршылық. Ел Президентіміз «Болашақ жастардың қолында» деп үнемі айтып, бүгінде жастарға барынша мемлекет тарапынан қолдау...

Жарқайың ауданының әкіміне қатаң сөгіс жарияланды

Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитовке Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың су тасқынының салдарын жою жөніндегі бірқатар тапсырмаларын тиісінше орындамағаны үшін қатаң сөгіс жарияланды. Жарқайың ауданының...

Қала көшелерінде егеуқұйрық және антисанитария: Ерейментау ауданының әкімі қатаң сөгіс алды

«Ерейментау ауданының әкімі Нұрлан Мұқатовқа қоқыс шығару бойынша жұмыстың тиісті деңгейінде жүргізілмегені үшін қатаң сөгіс жарияланды», - деп хабарлайды Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен. Аудан...