Четверг, 21 ноября, 2024
ЖаңалықтарӨңірлерКөкшетауМарат Ахметжанов Көкшетау қаласының № 1 мектеп-гимназиясында болды

Марат Ахметжанов Көкшетау қаласының № 1 мектеп-гимназиясында болды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов №1 мектеп-гимназияға жеке өзі барып, оқушылардың кептелісі болған жағдайды талдап, педагогикалық ұжыммен кездесті.

Оқу орнын аралау барысында Марат Ахметжанов қауіпсіздік жүйесінің дұрыс жұмыс істемеуі және аумақтың айналасында жол белгілерінің болмауы туралы ескерту жасады.

«Мен басқа кіреберістен кедергісіз кірдім, дабыл түймесі жұмыс істемейді, жаяу жүргіншілер жолы байқалмайды. Мемлекет басшысы бірінші кезекте балалардың тиісті жағдайлары мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге баса назар аударады. Қала әкімі мен білім басқармасына барлық мемлекеттік және жеке мектептерді тексеруді тапсырамын», — деді өңір басшысы.

Білім басқармасының мәліметінше, бұл факт 2023 жылғы 7 қыркүйекте сағат 19.30-да оқу сабақтары аяқталғаннан кейін, мектеп дәлізіне барлық сыныптар бір уақытта оқу кабинеттерінен шыққан кезде орын алған.

Қазіргі уақытта мектеп әкімшілігі оқушылардың үзіліске шығу және сабақтан шығу кестесін реттеді. Мектеп директоры, тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Айта кетейік, Көкшетау қаласының №1 мектеп-гимназиясында барлығы 2866 оқушы оқиды. Мектептің жобалық қуаты-1440 орын. 2021 жылы мектепте бастауыш сыныптарға арналған 600 орындық қосымша оқу корпусы енгізілді. Мектепте екі ауысымдық оқыту бар.

 

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Мағжан Қайратұлы Ержан Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы болып тағайындалды. Мағжан Қайратұлы Еуразия технологиялық университетін, Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар...

Ақмолада Мемлекеттік бюджетті атқару кезінде жемқорлық тәуекелдері бойынша бухгалтерлерге арналған семинар өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаментімен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, білім беру және спорт саласындағы ұйымдардың бухгалтерлері үшін мемлекеттік бюджетті атқару кезіндегі сыбайлас...

296 фермердің 618 млн. теңгеден астам сомаға субсидия алу құқығы қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті қызмет берушінің кінәсінен «Саны зияндылықтың экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және...

Көкшетауда Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті

1 қараша күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған «Күмбірлеткен кеудемді...

Ақмола облысында қызметтік автокөлікті қызметтік емес мақсатта пайдаланудың 21 фактісі анықталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың қызметтік автокөлікті жеке мақсатта пайдалануға тыйым...