Бүгін Жеңіс күніне орай, Көкшетауда Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың қатысуымен Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллиннің ескерткішіне және Кеңес Одағының екі мәрте батыры Талғат Бигелдиновтың бюстіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
Өңір басшысы құрмет қарауылымен бірге ескерткішке гүл шоғын қойып, қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым етті.
Ақмола облысында барлығы 600-ден астам мерекелік іс-шара өтеді.