Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен өткізілетін волонтерлік жұмыс аясында және мемлекеттік қызметшінің кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдіруге бағытталған қадамдық жоспарды орындау шеңберінде мұқтаж адамдарға көмек көрсету, атап айтқанда, тұрғын үйлердің іргелес аумақтарын қардан тазарту бойынша қайырымдылық науқан басталды.
Науқанның мақсаты – мұқтаж жандарға көмек көрсету арқылы адамдарға жылулық пен мейірім сыйлау, үлгі болу және таза ниетпен қолдан келетін іспен көмектесу.
Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен мұқтаж адамдардың тізімі алынды және Көкшетау қаласының 36 мемлекеттік органдарына бөлінді.
«Қадамдық жоспар» аясында Департаменттің жанындағы еріктілер күшімен жалғызбасты зейнеткерлердің жеке ауласын жинастыруға көмек көрсетілді, сондай-ақ кәсіпорындар мен еріктілер ұйымдары қар тазалау бойынша бірнеше науқан ұйымдастырды. Қар тазалау бойынша жаппай науқандарды ұйымдастыру үшін мемлекеттік органдарының қызметкерлері тартылды.
Бұл науқан барлық мемлекеттік органдар үшін үлгі болуы тиіс.