Четверг, 21 ноября, 2024
ЖаңалықтарӨңірлерБұланды«Nur Otan»-ның бастамасымен ауданның алты мектебінде жөндеу жүргізелмек

«Nur Otan»-ның бастамасымен ауданның алты мектебінде жөндеу жүргізелмек

Сондай-ақ, оқыңыз...

Білім беру саласы партияның сайлауалды бағдарламасында толық қамтылған. Егеменді еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бері білім беру саласына көп көңіл бөлініп, қазіргі таңда бұл сала бәсекеге қабілетті. Бәрімізге белгілі болғандай, «Nur Otan» партиясының басымды міндеттерінің бірі – білім сапасын арттыру. Қазіргі таңда маңызды саяси науқанның алдында тұрмыз. Әрбір үміткер елеулі мәселенің шешім табуына атсалысып жүрген азаматтар.

Бұланды аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Шахман Құсайынов «Есіктен есікке» акциясы аясында Макинск қаласының тұрғындармен кездесіп, жылы сұхбат құрып, партияның сайлауалды міндеттеріне тоқталуда. Басты міндеттің бірі – ауданданның білім беру саласының дамуы. Шахман Байдүйсенұлының айтуынша «Nur Otan» партиясы білім беру сапасын арттыруға және білім беру объектілерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға баса назар аударады. COVID-19 пандемиясы білімге деген көзқарасты өзгерткені рас.

Сондықтан «Nur Otan» партиясының алдағы уақыттағы міндеттері: 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен толық қамтуды сақтау және 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамтуды 2025 жылға дейін 93,5% — ға дейін ұлғайту жөнінде шаралар қабылдау; педагогтардың 45% — ын жаңа аттестаттау жүйесімен қамту;

ауданның 6 мектебіне күрделі жөндеу жүргізу (2021 ж. — № 5 Макинск орта мектебінде, 2022 ж. — Балуан Шолақ мектеп-лицейі, мектеп-гимназия, 2023 ж. — № 3 Макинск орта мектебі, Журавлевка орта мектебі, 2024 ж. — Қараөзек орта мектебі); ауданның барлық 25 мемлекеттік мектебін кезең-кезеңімен химия, биология, физика кабинеттерімен жарақтандыру; бірінші сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету.

– Білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік салада сапалы қызметтерге қол жеткізе отырып, аудан тұрғындарының өмір сүру жағдайын арттыруға күш саламыз. Барлық бағытта ауқымды шаралар жасалмақ. Мәселен, көп балалы және аз қамтылған отбасыларды қолдауға және олардың азаматтық ұстанымын жандандыруға бағытталатын «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобалары бар. Осының бәрі ел игілігі үшін, – дейді үміткер Шахман Құсайынов.

Халқыпен бірге болып, мұң-мұқтажын тыңдап үйренген Шахман Байдүйсенұлы үшін әрбір жерлесімен кездесу еркін форматтағы ашық сұхбатқа айналады. Үміткер елдегі болып жатқан жақсылықтар жайында сөз қозғап, алар асуымыз алда деп жерлестерінің жүрегені шуақ ұялататыны сөзсіз. Ең бастысы – тура бағыттан таймау.

«Nur Otan» партиясының Ақмола облысы Бұланды ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Мағжан Қайратұлы Ержан Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы болып тағайындалды. Мағжан Қайратұлы Еуразия технологиялық университетін, Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар...

Ақмолада Мемлекеттік бюджетті атқару кезінде жемқорлық тәуекелдері бойынша бухгалтерлерге арналған семинар өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаментімен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, білім беру және спорт саласындағы ұйымдардың бухгалтерлері үшін мемлекеттік бюджетті атқару кезіндегі сыбайлас...

296 фермердің 618 млн. теңгеден астам сомаға субсидия алу құқығы қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті қызмет берушінің кінәсінен «Саны зияндылықтың экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және...

Көкшетауда Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті

1 қараша күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған «Күмбірлеткен кеудемді...

Ақмола облысында қызметтік автокөлікті қызметтік емес мақсатта пайдаланудың 21 фактісі анықталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың қызметтік автокөлікті жеке мақсатта пайдалануға тыйым...