Шынымен, бүгінде «Nur Otan» нағыз халықтық партия екенін көрсетіп келе жатқанын көріп отырмыз. «Nur Otan» партиясы Жақсы аудандық филиалы елмен етене қайнасып, халықтың мүддесін жеткізіп, жауапты шешімдер қабылдауға ұйытқы болып отырған бірден-бір қоғамдық ұйым.
Бүгінгі ауданның дамуына қарап отырсақ, жаңашылдық пен қарқынды қозғалыстың лебі еседі. Мемлекеттік бағдарламалар мен жобалардың орындалулары кезегімен жүзеге асырылуда. Бұл айтуға тұрарлық үлгі. Жалпы ауданда «Nur Otan» партиясының бастамасымен халық мүддесі үшін жасалып жатқан жұмыстар өте көп. Халқымызда «Елің қуатты болса, бағың тұрақты болады» деген дана сөз бар.
Жақсы ауданы — агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың жоғары перспективасы бар Ақмола облысының ірі астық егетін аудандарының бірі. Аудан дамуының көптеген бағыттары бойынша оң нәтижелерге қол жеткізілді. Оңтайлы мерзімде егін жинау жұмыстары жүргізілді.
Ауыл шаруашылығы дақылдарының барлық түрлері бойынша біздің аграршылар жақсы өнім алды. Шағын және орта бизнес ауылдық елді мекендерді дамытудың берік негізін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады және кәсіпкерлердің іскерлік белсенділігін қолдау үшін «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде микрокредиттер мен өтеусіз гранттар беріледі.
Өмір сүру сапасын жақсарту, сондай-ақ экономиканың одан әрі өсуі үшін көлік-логистикалық инфрақұрылымды жақсартуға көп көңіл бөлінеді.
Биыл жолдарды жөндеуге 400 млн.теңгеден астам қаражат бөлінді, бұл 150 мың шаршы метрді жөндеуге мүмкіндік берді. Екі ауылдың кіреберістеріне ағымдағы жөндеу, сондай-ақ, 7 ауылдық елді мекендегі кентішілік жолдарға жөндеу, облыстық маңызы бар Қима — Атбасар жолдарына орташа жөндеу жүргізілді.
Ел Президенті Қ. Тоқаев балалар үшін спорт инфрақұрылымының барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті. Жастарды спортқа тарту, сондай-ақ жайлы өмір сүру шараларының бірі балалардың ойын және спорт алаңдарын орнату болып табылады.
Биылғы жылы Жақсы, Беловод, Тарасов ауылдарында және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде бюджеттен тыс қаражат есебінен Қима және Новокиенка ауылдарында балалар алаңы орнатылды. Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ауданның барлық орталық ауылдары мен білім беру мекемелерінде 300-ден астам бейнекамера қойылды.
Сондай-ақ, Подгорное, Перекатное, Беловодское және Киев ауылдарында көше жарығының 198 тірегін орнатумен көше жарығының құрылысы бойынша жұмыстар жүргізілді. Жұмыспен қамту жол картасы бағдарламасы бойынша ауданның 8 мектебінде ағымдағы жөндеу жұмыстары, сондай-ақ, Белағаш орта мектебінің ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Ауданымызда денсаулық сақтау жүйесін қолдау жалғасуда. Кадрларды ауылға тарту үшін ауданда «Дипломмен ауылға» бағдарламасы белсенді жүзеге асырылуда, медициналық қызметкерлерге тұрғын үй бөлу мәселесі шешілуде.
Ағымдағы жылдың шілде айында Жақсы ауылында аудандық аурухананың жеке корпусын 8 пәтерлі тұрғын үйге қайта жаңарту бойынша жобаны іске асыру басталғанын атап өту қажет. Сонымен қатар, аудандық бюджетте біздің ауданнан оқуға барған студенттердің оқу құнын төлеуге қаражат қарастырылған, қазіргі уақытта 9 студент медициналық жоғары оқу орындарында оқиды.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Елімізді әлемнің ең қуатты 30 елінің қатарына кіргізу – халқымыз алдындағы ең үлкен мұрат, ұлы мақсат. Бұл «Nur Otanның» болашаққа жол сілтейтін темірқазығы болуға тиіс» — деп айтқан болатын. Жақсы аудандық партия филиалының атқарған және алда атқаратын жұмыстары, бағындыратын биік белестері алда деп есептеймін. Ең бастысы, біз ел сенім артқан көшбасшы партияны қолдайық! «Nur Otan» партиясы сөздің емес, нақты істердің партиясы!
«Nur Otan» партиясының Ақмола облысы Жақсы ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.