Сенбі, Шілде 27, 2024
15.2 C
Kokshetau
14 C
Nur-Sultan
24 C
Almaty
ЖаңалықтарӨңірлерЖақсы«Nur Otan» партиясы сөздің емес, істің партиясы!

«Nur Otan» партиясы сөздің емес, істің партиясы!

  Шынымен, бүгінде «Nur Otan» нағыз халықтық партия екенін көрсетіп келе жатқанын көріп отырмыз. «Nur Otan» партиясы Жақсы аудандық филиалы елмен етене қайнасып, халықтың мүддесін жеткізіп, жауапты шешімдер қабылдауға ұйытқы болып отырған бірден-бір қоғамдық ұйым.

Бүгінгі ауданның дамуына қарап отырсақ, жаңашылдық пен қарқынды қозғалыстың лебі еседі. Мемлекеттік бағдарламалар мен жобалардың орындалулары кезегімен жүзеге асырылуда. Бұл айтуға тұрарлық үлгі. Жалпы ауданда «Nur Otan» партиясының бастамасымен халық мүддесі үшін жасалып жатқан жұмыстар өте көп. Халқымызда «Елің қуатты болса, бағың тұрақты болады» деген дана сөз бар.

Жақсы ауданы – агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың жоғары перспективасы бар Ақмола облысының ірі астық егетін аудандарының бірі. Аудан дамуының көптеген бағыттары бойынша оң нәтижелерге қол жеткізілді. Оңтайлы мерзімде егін жинау жұмыстары жүргізілді.

Ауыл шаруашылығы дақылдарының барлық түрлері бойынша біздің аграршылар жақсы өнім алды. Шағын және орта бизнес ауылдық елді мекендерді дамытудың берік негізін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады және кәсіпкерлердің іскерлік белсенділігін қолдау үшін «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде микрокредиттер мен өтеусіз гранттар беріледі.

   Өмір сүру сапасын жақсарту, сондай-ақ экономиканың одан әрі өсуі үшін көлік-логистикалық инфрақұрылымды жақсартуға көп көңіл бөлінеді.

   Биыл жолдарды жөндеуге 400 млн.теңгеден астам қаражат бөлінді, бұл 150 мың шаршы метрді жөндеуге мүмкіндік берді. Екі ауылдың кіреберістеріне ағымдағы жөндеу, сондай-ақ,  7 ауылдық елді мекендегі кентішілік жолдарға жөндеу, облыстық маңызы бар Қима – Атбасар жолдарына орташа жөндеу жүргізілді.

   Ел Президенті Қ. Тоқаев балалар үшін спорт инфрақұрылымының барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті. Жастарды спортқа тарту, сондай-ақ жайлы өмір сүру шараларының бірі балалардың ойын және спорт алаңдарын орнату болып табылады.

Биылғы жылы Жақсы, Беловод, Тарасов ауылдарында және  бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде бюджеттен тыс қаражат есебінен Қима және Новокиенка ауылдарында балалар алаңы орнатылды. Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ауданның барлық орталық ауылдары мен білім беру мекемелерінде 300-ден астам бейнекамера қойылды.

Сондай-ақ, Подгорное, Перекатное, Беловодское және Киев ауылдарында көше жарығының 198 тірегін орнатумен көше жарығының құрылысы бойынша жұмыстар жүргізілді. Жұмыспен қамту жол картасы бағдарламасы бойынша ауданның  8 мектебінде ағымдағы жөндеу жұмыстары, сондай-ақ, Белағаш орта мектебінің ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Ауданымызда денсаулық сақтау жүйесін қолдау жалғасуда. Кадрларды ауылға тарту үшін ауданда «Дипломмен ауылға» бағдарламасы белсенді жүзеге асырылуда, медициналық қызметкерлерге тұрғын үй бөлу мәселесі шешілуде.

Ағымдағы жылдың шілде айында Жақсы ауылында аудандық аурухананың жеке корпусын 8 пәтерлі тұрғын үйге қайта жаңарту бойынша жобаны іске асыру басталғанын атап өту қажет. Сонымен қатар, аудандық бюджетте біздің ауданнан оқуға барған студенттердің оқу құнын төлеуге қаражат қарастырылған, қазіргі уақытта 9 студент медициналық жоғары оқу орындарында оқиды.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Елімізді әлемнің ең қуатты 30 елінің қатарына кіргізу – халқымыз алдындағы ең үлкен мұрат, ұлы мақсат. Бұл «Nur Otanның» болашаққа жол сілтейтін темірқазығы болуға тиіс» – деп айтқан болатын. Жақсы аудандық партия филиалының атқарған және алда атқаратын жұмыстары, бағындыратын биік белестері алда деп есептеймін. Ең бастысы, біз ел сенім артқан  көшбасшы партияны қолдайық! «Nur Otan» партиясы сөздің емес, нақты істердің партиясы!

«Nur Otan» партиясының Ақмола облысы Жақсы ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған Қостанайдың Бас имамы ұсталды

Қостанайдың Бас имамы Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған сәтінде ұсталды. Полиция мас имамның үстінен әкімшілік хаттама толтырып, 15 тәулікке қамады. Имам Бурабайдың көрікті жерлерінде...

Бурабайда Қазақстанда баламасы жоқ мультимедиалық интерактивті кешен ашылды

Бурабай курортындағы Абылай хан алаңында қайта жаңартудан кейін мультимедиалық интерактивті кешеннің (МИК) салтанатты ашылуы өтті. Қайта жаңарту мақсаттарының бірі - Мемлекет басшысының туризмді дамыту жөніндегі...

Жас маман – еліміздің шамшырағы!

Қоғамда өз ісіне берік, ақыл парасаты мол жас мамандар баршылық. Ел Президентіміз «Болашақ жастардың қолында» деп үнемі айтып, бүгінде жастарға барынша мемлекет тарапынан қолдау...

Жарқайың ауданының әкіміне қатаң сөгіс жарияланды

Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитовке Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың су тасқынының салдарын жою жөніндегі бірқатар тапсырмаларын тиісінше орындамағаны үшін қатаң сөгіс жарияланды. Жарқайың ауданының...

Қала көшелерінде егеуқұйрық және антисанитария: Ерейментау ауданының әкімі қатаң сөгіс алды

«Ерейментау ауданының әкімі Нұрлан Мұқатовқа қоқыс шығару бойынша жұмыстың тиісті деңгейінде жүргізілмегені үшін қатаң сөгіс жарияланды», - деп хабарлайды Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен. Аудан...