ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Жазира Сейтмағанбетова және мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Ануар Тиесов облыстық санитарлық-эпидемиологиялық департаментінің ұжымымен кездесті.
Кездесуде мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа жүйесі, конкурстық рәсімдерді өткізу тәртібі, конкурстан тыс тағайындау мүмкіндіктері, сондай-ақ Әдеп кодексінің талаптары туралы мәселе көтерілді.
Естеріңізге сала кетсек, ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап ҚР Денсаулық сақтау министрлігі және оның аумақтық құрылымдық бөлімшелері конкурстық іріктеудің пилоттық режиміне көшті.