Четверг, 16 января, 2025
ЖаңалықтарМаңыздыСенаторлар Ақмола облысында болды

Сенаторлар Ақмола облысында болды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің депутаттары «Еліміздің агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері» тақырыбы бойынша Ақмола облысында көшпелі отырыс өткізді.

Комитет төрағасы Әли Бектаев өз сөзінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайын Қазақстан халқына Жолдауында агроөнеркәсіп кешенін, оның ішінде ауылдық инфрақұрылымды дамыту мәселелеріне ерекше назар аударып келе жатқанын атап өтті. Депутат Сенаттың негізгі функцияларының бірі – өңірлердің мүдделерін білдіру екенін және мұндай кездесулер өңірдегі проблемалардан хабардар болуға, сондай-ақ бар мәселелерді шешу жолдарын талқылауға жақсы мүмкіндік беретінін еске салды.

«Сенаторлар бүгінгі таңда ел өңірлерімен тығыз байланыста және билік пен ауыл шаруашылығы өндірушілерінің арасын жалғайтын байланыстың бір буыны болып отыр. Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі комитетінің жұмысында АӨК дамыту, саланың инвестициялық тартымдылығын арттыру мәселелеріне баса мән беріліп келеді, қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі бастамалар ұдайы талқылануда. Комитеттің бүгінгі көшпелі отырысы депутаттардың жергілікті жердегі ауыл шаруашылығының өзекті мәселелерін, ауылдағы бизнестің жай-күйін зерделеп, бар проблемаларды шешу жолдарын талқылауына бағытталған», — деп атап өтті Әли Бектаев.

Сенат комитетінің көшпелі отырысына Сенат депутаттары, Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшылығы, Ақмола облысы әкімдігінің, агроөнеркәсіп саласындағы бизнестің өкілдері, сарапшылар мен фермерлер қатысты.

Көшпелі отырысқа қатысушылар жиынның қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы саласын дамыту жөніндегі бұдан былайғы жұмыстарды іске асыру үшін Үкіметке жіберілетін ұсынымдарды әзірледі.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Жайлылық пен сапа: Ақмола облысында заманауи жатақханалар ашылуда

Жыл басында  өңірде студенттер үшін жаңа заманауи жатақханалар пайдалануға беріледі. Бұл  оларды жайлы баспанамен қамтамасыз етудегі маңызды қадам  болмақ. Жаңа жатақхана студенттердің тұрғын үй...

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында 15 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2024 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша...

Ақмола облысында мемлекеттік қызметтегі басшы әйелдердің үлесі 43,4% құрайды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2024 жылғы қызметін қорытындылады. Бұл туралы Департамент басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен...

Онлайн режимде мемлекеттік қызметке іріктеу бойынша 1683 конкурс өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында eqyzmet.gov.kz жүйесінде мемлекеттік қызметке іріктеу...

Ақмола облысында 528 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикердің айтуынша...