Бейсенбі, Мамыр 2, 2024
9.2 C
Kokshetau
10 C
Nur-Sultan
20 C
Almaty
ЖаңалықтарМаңыздыСенаторлар Ақмола облысында болды

Сенаторлар Ақмола облысында болды

Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің депутаттары «Еліміздің агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері» тақырыбы бойынша Ақмола облысында көшпелі отырыс өткізді.

Комитет төрағасы Әли Бектаев өз сөзінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайын Қазақстан халқына Жолдауында агроөнеркәсіп кешенін, оның ішінде ауылдық инфрақұрылымды дамыту мәселелеріне ерекше назар аударып келе жатқанын атап өтті. Депутат Сенаттың негізгі функцияларының бірі – өңірлердің мүдделерін білдіру екенін және мұндай кездесулер өңірдегі проблемалардан хабардар болуға, сондай-ақ бар мәселелерді шешу жолдарын талқылауға жақсы мүмкіндік беретінін еске салды.

«Сенаторлар бүгінгі таңда ел өңірлерімен тығыз байланыста және билік пен ауыл шаруашылығы өндірушілерінің арасын жалғайтын байланыстың бір буыны болып отыр. Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі комитетінің жұмысында АӨК дамыту, саланың инвестициялық тартымдылығын арттыру мәселелеріне баса мән беріліп келеді, қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі бастамалар ұдайы талқылануда. Комитеттің бүгінгі көшпелі отырысы депутаттардың жергілікті жердегі ауыл шаруашылығының өзекті мәселелерін, ауылдағы бизнестің жай-күйін зерделеп, бар проблемаларды шешу жолдарын талқылауына бағытталған», – деп атап өтті Әли Бектаев.

Сенат комитетінің көшпелі отырысына Сенат депутаттары, Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшылығы, Ақмола облысы әкімдігінің, агроөнеркәсіп саласындағы бизнестің өкілдері, сарапшылар мен фермерлер қатысты.

Көшпелі отырысқа қатысушылар жиынның қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы саласын дамыту жөніндегі бұдан былайғы жұмыстарды іске асыру үшін Үкіметке жіберілетін ұсынымдарды әзірледі.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы Қадірлі отандастар! Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын! Бұл – татулық пен тыныштықтың, тұрақтылық пен бейбітшіліктің символы саналатын...

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің араласуынан кейін кәсіпкерге ғимаратын кеңейту үшін қосымша жер телімі берілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті әкімшілік кедергілерге тап болған кәсіпкердің бұзылған құқықтарын қалпына келтірді. Осылайша, кәсіпкер С.  Көкшетау қаласының әкімдігіне...

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...

Ақмола облысында әдеп жөніндегі уәкілдерге антикорновеллалар түсіндірілді

Облыс әкімдігінің алаңында өткен кездесуде жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының басты ережелері түсіндірілді. Департаменттің превенция басқармасы...

Ақмола облысында сот органдарына антикорновеллалар түсіндірілді

Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шеңберінде Департамент Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот төрағасының міндетін атқарушы және ұжымымен кездесу өткізді. Сөз сөйлеу барысында Департаменттің...