Вторник, 17 сентября, 2024
ЖаңалықтарОқиғаСотСот жұмысшыларға өтемақы, моральдық зиян және әлеуметтік төлемдерді аударуды ЖШС-ны міндеттеді

Сот жұмысшыларға өтемақы, моральдық зиян және әлеуметтік төлемдерді аударуды ЖШС-ны міндеттеді

Қосшы қалалық соты пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақы, өсімпұл, моральдық зиянды өндіріп алу және әлеуметтік төлемдерді аударуды міндеттеу туралы «D.» ЖШС-ға 11 жұмысшының талап арызы бойынша азаматтық іс қарады.
Сотта анықталғандай, талапкерлер 2022 жылдың тамыз айынан бастап ЖШС-да техникалық персонал (еден жуушы, қазандық машинис, тазалаушы, сантехник, электрик, плотник, гардероб қызметшісі) ретінде жұмыс істеген.

2023 жылғы ақпанда жұмысшылармен еңбек шарты мерзімнің аяқталуына байланысты тоқтатылды.

Шартты бұзғаннан кейін жауапкер қызметкерлердің жыл сайынғы ақылы демалыстың пайдаланылмаған күндері үшін төлем және соңғы 3 айда зейнетақы қорына және МӘМС-ке әлеуметтік аударымдар жасамаған.

Сотта жауапкер пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін төлемдерді және әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті мойындады. Төлемді кешіктіру мерзімі — 518 күн.

Жұмысшылардың конституциялық құқықтары бұзылғандықтан, моральдық зиянды өндіріп алу туралы талаптар орынды.

Сот шешімімен талап ішінара қанағаттандырылды. ЖШС-дан жұмысшылардың пайдасына пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақы, өсімпұл және әрқайсысына 150 000 теңге мөлшерінде моральдық зиян сомасы өндірілді.

Сондай-ақ, сот ЖШС-ны әрбір қызметкерге зейнетақы қорына және МӘМС-ке әлеуметтік аударымдар жасауға міндеттеді.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Ақмола облысы Қосшы қаласының соты.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Степногорск қаласының прокуратурасы 40 млн теңгені жымқыру фактісін анықтады

Қала прокуратурасы мемлекеттік мекеме бухгалтерінің қаражатты ұрлау фактісін анықтады. Бухгалтер екі жыл бойы депозиттік шоттың ақшалай қаражатын мақсатсыз жұмсаған және мемлекеттік сатып алудың қатысушы болып...

Щучинск қаласында 12 жастағы қыз бесінші қабаттың терезесінен құлады

Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, терезеден құлаған қыз ауруханаға жатқызылған. «Бурабай ауданының полиция бөлімі оқиғаның ағымдағы жылдың 14 қыркүйегінде Щучинск қаласында болғанын хабарлайды. Алдын-ала...

«IQanat High School of Burabay» мектебінің оқушылары үшін адалдық сағаты өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаменті «Адалдық сағаты» республикалық акциясы аясында «IQanat High School of Burabay» мектебінің оқушыларымен кеңес өткізді. Кездесу барысында облыстық...

Әдеп жөніндегі кеңес мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғайды

Ақмола облысында Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысында орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың қызметтік автокөлікті жеке мақсатта пайдалануға тыйым салуға байланысты...

Ақкөл ауданында сүт-тауарлы фермасы ашылады

Ақкөл ауданында стратегиялық маңызы бар жоба жүзеге асырылуда – құны 8,3 млрд теңгені құрайтын 900 басқа арналған жаңа тауарлы сүт ферманың құрылысы жүргізілуде. Қазіргі уақытта...