Пятница, 17 января, 2025
ЖаңалықтарМаңыздыТәуелсіздік мейрамында бір күн ғана демалыс беріледі - министрлік

Тәуелсіздік мейрамында бір күн ғана демалыс беріледі — министрлік

Сондай-ақ, оқыңыз...

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 16 желтоқсан – Тәуелсіздік мерекесіне неше күн демалыс берілетініне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл 16 желтоқсан аптаның жұма күніне түсіп тұр. Сондықтан, бір күн демалыс беріледі, әрі қарай сенбі-жексенбі күндері әдеттегі демалыс болады. Ешқандай демалыс күндері ауыстырылмайды», — деп жауап берді министрліктің баспасөз қызметі агенттік сауалына.

Бұған дейін 25 қазан – Республика күніне орай қазақстандықтар 3 күн қатарынан демалады деп хабарланған болатын. Онда демалыс күнін 22 қазан сенбіден 24 қазан дүйсенбіге ауыстыру жоспарлануда. Осылайша, қазақстандықтар 23-25 қазан күндері демалады.

«Бұл әзірге қаулы жобасы ғана, әлі ешнәрсе нақтыланбаған. Бұл құжат Ашық Үкімет сайтында 10 күн болуы керек, 10 күннен кейін күшіне енеді. Әзірге, Премьер-Министр бұл құжатқа қол қойған жоқ», — дейді министрліктің баспасөз қызметі.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Жайлылық пен сапа: Ақмола облысында заманауи жатақханалар ашылуда

Жыл басында  өңірде студенттер үшін жаңа заманауи жатақханалар пайдалануға беріледі. Бұл  оларды жайлы баспанамен қамтамасыз етудегі маңызды қадам  болмақ. Жаңа жатақхана студенттердің тұрғын үй...

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында 15 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2024 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша...

Ақмола облысында мемлекеттік қызметтегі басшы әйелдердің үлесі 43,4% құрайды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2024 жылғы қызметін қорытындылады. Бұл туралы Департамент басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен...

Онлайн режимде мемлекеттік қызметке іріктеу бойынша 1683 конкурс өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында eqyzmet.gov.kz жүйесінде мемлекеттік қызметке іріктеу...

Ақмола облысында 528 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикердің айтуынша...