spot_img
spot_img
14 C
Kokshetau
ЖаңалықтарМаңыздыТәуелсіздік мейрамында бір күн ғана демалыс беріледі - министрлік

Тәуелсіздік мейрамында бір күн ғана демалыс беріледі – министрлік

-Жарнама -spot_img

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 16 желтоқсан – Тәуелсіздік мерекесіне неше күн демалыс берілетініне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл 16 желтоқсан аптаның жұма күніне түсіп тұр. Сондықтан, бір күн демалыс беріледі, әрі қарай сенбі-жексенбі күндері әдеттегі демалыс болады. Ешқандай демалыс күндері ауыстырылмайды», – деп жауап берді министрліктің баспасөз қызметі агенттік сауалына.

Бұған дейін 25 қазан – Республика күніне орай қазақстандықтар 3 күн қатарынан демалады деп хабарланған болатын. Онда демалыс күнін 22 қазан сенбіден 24 қазан дүйсенбіге ауыстыру жоспарлануда. Осылайша, қазақстандықтар 23-25 қазан күндері демалады.

«Бұл әзірге қаулы жобасы ғана, әлі ешнәрсе нақтыланбаған. Бұл құжат Ашық Үкімет сайтында 10 күн болуы керек, 10 күннен кейін күшіне енеді. Әзірге, Премьер-Министр бұл құжатқа қол қойған жоқ», – дейді министрліктің баспасөз қызметі.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Байланысты бол
16,985ФанаттарМаған ұнайды
2,458ОқырмандарОқу
61,453ЖазылушыларЖазылу
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img