Суббота, 30 ноября, 2024
ЖаңалықтарҚоғамТіл – елдің жүрегі-Ботакөз Төлепберді

Тіл – елдің жүрегі-Ботакөз Төлепберді

Сондай-ақ, оқыңыз...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі тіл саясатын айрықша назар аударып, мемлекеттік тілдің өркендеп, оны республикамыздың әр азаматы меңгеру үшін жақсы жобалар дайындауға басымдық беру керектігін алға тартып келеді. Бір шаңырақ астында бірлік пен татулықты ту еткен ұлттар мен ұлыстардың ынтымағы өзге елдерге үлгі боларлық. Оның үстіне, соңғы жылдары түрлі этнос өкілдері арасында мемлекеттік тілді  үйренуге деген қызығушылық  артып келеді.

Қ.К. Тоқаев а.ж. сәуір айынның соңында өткен ҚХА-ның ХХХІІ сессиясының отырысында «Түптеп келгенде, бірнеше тіл білу – әр адамның мәдениеттілігінің белгісі. Ал мемлекеттік тілді, әсіресе ана тілін, яғни қазақ тілін білу – қандай да бір азаматтың мәдени өресі, азаматтық жауапкершілігі қаншалықты биік екенін білдіреді. Сондай-ақ қаншалықты патриот екенін көрсетеді», — деп атап өткен еді.

Осы орайда, 2015 жылдан бері жүзеге асырылып келетін Қазақстан халқы Ассамблеясының мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған «Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобасының маңыздылығы арта түспек.

«Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы түрлі этникалық топтардың мектеп жасына дейінгі балаларға және мектеп оқушыларына қазақ тілі мен мәдени ортасына бой үйретіп, мемлекеттік тілді меңгеруіне, қазақтың тарихы мен мәдениетін бойына сіңіру мүмкіндіктерін көздейді, жалпыазаматтық бірегейлікті қалыптастыруға да  ықпал етеді.

2023 жылы жоба аясында Ақмола облысында  түрлі форматтағы іс-шараларды ұйымдастырылды, оның ішінде сайыстар, тренингтер, «дөңгелек үстел»  отырыстары, ұлттық спорт  ойындары бар. Аталған шараларға білім беру мекемелері, жаздық легерьлер, тіл орталықтары және өзге де ұйымдар, жалпы 100-ден астам мекеме қатысты.

Сонымен қатар, 2023 жылдың 13 қаңтарынан бастап мемлекеттік тілді насихаттау және оны этносаралық қарым-қатынас тілі ретінде дамыту мақсатында «Қоғамдық келісім» мекемесінің  қолдауымен ашылған «Мәміле» сөйлеу клубы жұмыс жасауда.

Клубтың мақсаты – тіл үйренушілердің мемлекеттік тілді үйренуде коммуникативтік дағдылары мен тыңдап-түсіну, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Клубта барлық сабақтар тілдік кедергіні, акцентті жоюға, сөздік қорды кеңейтуге, қазақша сөйлеуді дамытуға ықпал ететін әртүрлі жаттығулар мен тапсырмалар орындауға, әр түрлі жастағы тыңдаушылармен кездесіп, түрл форматта диалог алаңдарын құрастыруға бағытталған. Қазіргі уақытта клубтағы тыңдаушылардың саны 70-тен  асады, қазақ тілін жетік білгісі келетіндердің саны  одан сайын артып жатыр.

Жалпы алғанда, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясымен 2023 жылы мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және  қоғамдағы рөлін арттыруда біршама жұмыс жүргізілді. Түрлі этнос өкілдері балалары мен жастарының мемлекеттік тілді үйренуге деген қызығушылығын арттыруға барынша тырысып, айтарлықтай нәтижелерге қол жеткіздік. Келер жылдарға межелеген жоспарларымыз да бар.

Бұған қоса, Президентіміз бір сөзінде «Мемлекеттік тіл ғылым мен техника тіліне айналуы керек», — деген ойын да ортаға салған еді. Мемлекеттік тілді жетік білу – бүгінгі күннің басты талабы болып, жастардың жан-жақты дамуы мен мол мүмкіндіктерге жол ашатын құралға айналуы тиіс деген пікірді, ел жастары да қолдайды.  Тіл– барлық уақытта жоғары құндылықтардың бірі болған. Тек білімді, сауатты адам ғана келешек тізгінін қолына ала алады.

Ботакөз Төлепберді, Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ мемлекеттік тілді насихаттау және дамыту маманы.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту шеңберінде жер қатынастары саласындағы бірқатар «жасырын» қызметтер регламенттелді

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті жер қатынастары саласындағы мемлекеттік органдардың функцияларын талдау қорытындысы бойынша «жасырын» қызметтерді регламенттеу жөнінде ұсыныс енгізді. Мәселен, бұған...

Ақмола облысында «Саналы ұрпақ» студенттік клубтарының слеті өтті

Ағымдағы жылдың 26 қарашасында Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжінің базасында «Саналы ұрпақ» студенттік клубтарының облыстық слеті өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің...

Алмас Алин Қорғалжын ауданының әкімі болып тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің 2024 жылғы 25 қарашадағы өкімімен, сондай-ақ, ҚР Президенті Әкімшілігінің және мәслихат депутаттарының келісімімен Алмас Аянұлы Алин Қорғалжын ауданының әкімі болып тағайындалды. Ауданның...

Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Мағжан Қайратұлы Ержан Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы болып тағайындалды. Мағжан Қайратұлы Еуразия технологиялық университетін, Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар...

Ақмолада Мемлекеттік бюджетті атқару кезінде жемқорлық тәуекелдері бойынша бухгалтерлерге арналған семинар өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаментімен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, білім беру және спорт саласындағы ұйымдардың бухгалтерлері үшін мемлекеттік бюджетті атқару кезіндегі сыбайлас...