Өнер десе ішкен асын жерге қояр ауыл қауымы үшін бұл өте үлкен таптырмас орын десек артық айтпаймыз. Клубта осы бір жылдық жұмыс көлемінде бірнеше үйірмелер іске асырылып жатыр.
Атап айтар болсақ: аналарды жинаған “Домалақ ана” үйірмесі, әншілерді жинаған “Бұлбұлдар” үйірмесі, әжелерді жинаған “Әжеден ғибрат” атты үйірмелер, сондай-ақ “волонтерлік” топ, яғни үлкен іс атқаратын топ болып саналады.
Осы жылы “Фитнес” үйірмесі де өз жұмысын бастап кетті.
Жалпы айтқанда клубта жүргізіліп жатқан әрбір үйірменің жұмысы ауыл адамдары, яғни тұрғындары үшін маңызды да мәнді деп айтуға болады. Әрине клубтағы жұмыстар мұнымен шектеліп қоймайды, болашақта әлі әртүрлі жұмыстар жүргізілетін болады.
Әже-баланың, әкесінің, сондай-ақ анасының шешесін атайтын, туыстық қатынасты білдіретін атау. Қазақ отбасында әже орны ерекше, әрі қадірлі. Әже-отбасының ғана емес, әулеттің де ұйытқысы, кейінгі жастардың келіндердің тәрбиешісі әрі ақылғой.
Ал осындай әжелердің көбісі ауылды жерлерде баршылық. Солардың бірі Зеренді ауданы, Баратай ауылының әжелер тобын айтып өтуге болады. Ауыл мәдениет үйінде «Әжеден ғибрат» атты әжелер тобынан құралған керемет үйірме жұмыс атқаруда. Осы топта 90 жасқа таяп қалған Даутбаева Жамкен әжемізден басталған, Таскенова Шолпан, Маханбетова Сәуле, Жусупова Қарлығаш есімді әжелеріміз тынбай еңбек етіп, бар өнерлерін паш етіп келеді. Осы әжелеріміз бойларына асыл қасиеттерін толтырып, кербез кемеңгерленіп, еңбек жолында талай жетістіктерге жетіп келе жатқан, шебер әрі адамгершіліктері мол, тәжірибелі, шығармашылыққа бай, ауызбіршіліктері бір келген, ұрпақтарына үлкен нәр берер силы да, сан қырлы десек артық айтпаймыз.
Тәрбиенің, тал бесіктің бұлағы,
Жүректері мейірімнің тұрағы.
Айта кетсен міне осы әжелер,
«Әжеден ғибрат» үйірме топ құрамы.
Ауылымыздың ұйытқысы, шуағы.
Елімізде осындай әжелер кқп болсын. Әжелерімізге сарқылмайтын күш, денсаулық, отбастарына амандық, немере-шөбере қуанышын тілейміз.
«Әжеден ғибрат» үйірмесі жасай берсін.