Суббота, 15 марта, 2025
ЖаңалықтарӨңірлерЗерендіЗеренді ауданының Баратай ауылында ауыл клубы жұмыс істейді

Зеренді ауданының Баратай ауылында ауыл клубы жұмыс істейді

Сондай-ақ, оқыңыз...

Өнер десе ішкен асын жерге қояр ауыл қауымы үшін бұл өте үлкен таптырмас орын десек артық айтпаймыз. Клубта осы бір жылдық жұмыс көлемінде бірнеше үйірмелер іске асырылып жатыр.

Атап айтар болсақ: аналарды жинаған “Домалақ ана” үйірмесі, әншілерді жинаған “Бұлбұлдар” үйірмесі, әжелерді жинаған “Әжеден ғибрат” атты үйірмелер, сондай-ақ “волонтерлік” топ, яғни үлкен іс атқаратын топ болып саналады.

Осы жылы “Фитнес” үйірмесі де өз жұмысын бастап кетті.

Жалпы айтқанда клубта жүргізіліп жатқан әрбір үйірменің жұмысы ауыл адамдары, яғни тұрғындары үшін маңызды да мәнді деп айтуға болады. Әрине клубтағы жұмыстар мұнымен шектеліп қоймайды, болашақта әлі әртүрлі жұмыстар жүргізілетін болады.

Әже-баланың, әкесінің, сондай-ақ анасының шешесін атайтын, туыстық қатынасты білдіретін атау. Қазақ отбасында әже орны ерекше, әрі қадірлі. Әже-отбасының ғана емес, әулеттің де ұйытқысы, кейінгі жастардың келіндердің тәрбиешісі әрі ақылғой.

Ал осындай әжелердің көбісі ауылды жерлерде баршылық. Солардың бірі Зеренді ауданы, Баратай ауылының әжелер тобын айтып өтуге болады. Ауыл мәдениет үйінде «Әжеден ғибрат» атты  әжелер тобынан құралған керемет үйірме жұмыс атқаруда. Осы топта 90 жасқа таяп қалған Даутбаева Жамкен әжемізден басталған, Таскенова Шолпан, Маханбетова Сәуле, Жусупова Қарлығаш есімді әжелеріміз тынбай еңбек етіп, бар өнерлерін паш етіп келеді. Осы  әжелеріміз бойларына асыл қасиеттерін толтырып, кербез кемеңгерленіп, еңбек жолында талай жетістіктерге жетіп келе жатқан,  шебер әрі адамгершіліктері мол, тәжірибелі, шығармашылыққа бай, ауызбіршіліктері бір келген, ұрпақтарына үлкен нәр берер силы да, сан қырлы десек артық айтпаймыз.

Тәрбиенің, тал бесіктің бұлағы,

Жүректері мейірімнің тұрағы.

Айта кетсен міне осы әжелер,

«Әжеден ғибрат» үйірме топ құрамы.

Ауылымыздың ұйытқысы, шуағы.

Елімізде осындай  әжелер кқп болсын. Әжелерімізге сарқылмайтын күш, денсаулық,  отбастарына амандық,  немере-шөбере қуанышын тілейміз.

«Әжеден ғибрат» үйірмесі жасай берсін.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

ҚР МҚІА департаменті 1,5 миллиард теңгеге шаруа қожалығының құқығын қорғады

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті бұрын ауыл шаруашылығын жүргізу үшін ауданы 2000 гектар жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзартудан бас...

ҚР МҚІА Департаментінің ұсынысы негізінде қызмет көрсетудің қолжетімділігі артты

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Агенттіктің тапсырмасы негізінде тұрақты негізде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жетілдіру нысанында талдау жүргізеді. Департамент Агенттікке «Жаппай саяси...

«Даладай дархан, дарабоз Сәбең» жылжымалы көрмесі

Биылғы жылы қазақ әдебиетінің классик жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақстан ғылым академиясының академигі, М.Ғабдуллиннің жанашыр ағасы Сәбит Мұқановтың туғанына 125 жыл толып отыр. Мәлік Ғабдуллиннің Сәбит...

ҮЗДІК қоғамдық қабылдау бөлмелері анықталды!

Байқау қорытындысы бойынша Аршалы, Степногорск және Атбасар аумақтық партия филиалдары жеңімпаз атанды. «Үздік қоғамдық қабылдау» байқауы  партияның қоғамдық қабылдау жүйесін жетілдіру және халықпен жұмысты нығайту...

Мемлекеттік қызметшілер қайырымдылық науқанына қатысты

Ақмола облысының мемлекеттік қызметшілері еріктілер қозғалысы шеңберінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті ұйымдастырған «Игі істер марафонына» қатысып, мұқтаж жандарға...