Пятница, 18 октября, 2024
ЖаңалықтарӨңірлерБіржан салЖаңа жетістіктерге бірге жетеміз!

Жаңа жетістіктерге бірге жетеміз!

Елiмiзде Парламент және жергiлiктi Мәслихат депутаттарын сайлау науқаны басталып, саяси додада қатысушылар үгіт насихат жұмыстарын бастап кетті. Осы жылғы саяси доданың бір ерекшелігі тұңғыш рет әйелдер мен жастарға 30 проценттік квота енгізілді.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 104-бабына сәйкес Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы аудандық мәслихат депутаттығына 20 адамды тіркеді: ұлттық құрамына қарай, 16 – қазақ, 3– орыс және 1-татар өкiлдерi бар. Жиырма тоғыз жасқа толмаған әйелдер мен адамдардың саны партиялық тізімге енгізілген адамдардың жалпы санының кемінде отыз пайызын құрауға тиіс.

Мәслихат депутаты болып жиырма жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы сайлана алады.. Республика азаматы бір мәслихаттың ғана депутаты бола алады. Кандидаттың бәсеңі сайлау құқығы болуы керек. Яғни, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарындағы отырған азаматтардың сайлануға құқығы жоқ.

Қазақстанның гүлденіп көркеюі жолында жасампаздықтың жарқын істерін жүзеге асыруды мақсат тұтып, кемел болашаққа нық қадам басу біздің еліміздің азаматтары үшін әрдайым басты бағыт болып отыр.

Елдегі ахуалдың тұрақтануына, Қазақстанның дамуына, халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруына «Nur Otan» партиясы зор үлес қосқаны белгілі. Парламенттік сайлаулардан лайықты деңгейде өтіп, шын мәнінде Қазақстанның басты саяси күші құқығына ие болғанын еске салды. Өйткені, еліміздің мерейлі мәртебесі, гүлденіп дамуы, қоғамымыздың тұрақтылығы мен бірлігі, әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосу үшін, «Nur Otan» партиясы атынан мәселелерді шеше алатын белсенді де сенімді мүшелерді анықтайтын саяси дода.

«Nur Otan» партиясына дауыс беруге, бірлікке шақырамыз!

«Nur Otan» партиясының Ақмола олысы Біржан сал ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Әлеуметтік қолдау шаралары – жас мамандарды ынталандыру құралдарының бірі ретінде

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 56 бабының 12 тармағында  басшылық лауазымдарды атқаратын адамдарды қоспағанда, ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын "Б" корпусының...

Антикор Ақмола 9 айдың қорытындысы бойынша брифинг өткізді

Ағымдағы жылдың 15 қазанында Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Ақмола облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) департаментінің басшысы Асхат Оразханның...

Мемлекеттік қызметшілерді қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартудың жай-күйін талдау қорытындылары қаралды

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаменті мемлекеттік қызметшілерді қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартудың жай-күйін талдау қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың қызметкерлері үшін семинар ұйымдастырды. Жүргізілген...

Ақмола облысында 949 мемлекеттік қызметші біліктіліктерін арттырды

Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру - бұл мемлекеттік қызметтің адами капиталын дамытудың шешуші процесі. Мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметшілер...

Ақмола облысында автожол салу кезінде бұзушылықтар анықталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті жол құрылысы саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу шеңберінде жол құрылысы сапасына ашық бақылауды...