Биылғы жылдың 20 мамырында Целиноград АПБ кезекші бөліміне кәмелетке толмаған қызын іздеуге жәрдемдесу туралы өтінішпен аудан тұрғыны жүгінді.
Әйел 19 мамырда таңғы сағат 10.00 шамасында, оның 2009 ж. т. қызы жанжалдан кейін үйден кетіп, оралмағанын хабарлады. Өзінің сәтсіз іздестіруінен кейін қыздың анасы полицияға жүгінуге мәжбүр болды.
15 жасар ақмолалықтың жоғалып кету фактісі бойынша полиция бөлімінің қызметкерлері дереу шығып, оның орналасқан жерін анықтау бойынша алғашқы іздестіру іс-шараларын жүргізді.
Кезекші тәулік ішінде жоғалған қыз Талапкер ауылының бір көшесінен табылды.
Кәмелетке толмағанға қатысты үйден тыс уақытта ешқандай заңсыз әрекеттер жасалмағаны анықталды. Қызбен және оның анасымен профилактикалық әңгіме жүргізілді.
«2024 жылдың басынан бері Ақмола облысында жоғалған 25 жасөспірім кезекші тәулікте табылды», — деп хабарлады Ақмола облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы.
Жазғы демалыстың басталуымен полицейлер ата-аналардан балаларына мұқият қарауды, жасөспірімдердің қай жерде екенін, әсіресе түнде бақылауды сұрайды. Балаларды назардан тыс қалдырмаңыз, олардың істеріне, ойын-сауықтарына және әлеуметтік шеңберіне қызығушылық танытыңыз.