Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ағымдағы жылғы қаңтардың 9-нан бастап Көкшетау қаласында «Сарырқа шағынауданы — 20-шы мектеп» бағытымен перзентхана арқылы №23 автобус маршруты жолға шығады. Қала тұрғындары «INFOBUS» қосымшасы арқылы маршрутты бақылай алады.
Сонымен бірге, қалалық автобус парктерінің басшылары Талдықорған қаласындағы әріптестерінің бастамасын қолдап, сайлау күні жолаушыларды тегін тасымалдауға шешім қабылдады. Осыған байланысты 10-шы қаңтар күні Көкшетау қаласындағы автобустарда тұрғын тегін жүретін болады.